Алтынтөбе (көне қала, Қазығұрт ауданы)
Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Алтынтөбе – орта ғасырлардан сақталған қаланың орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Қазығұрт ауданы, Қаржан ауылының жерінде орналасқан.
Зерттелуі
Алғаш 1982 жылы археолог А.Н. Подушкин зерттеген. Кейін 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Келес археологиялық тобы зерттеу жұмысын жалғастырды.
Сипаты
Алтынтөбе – сыртқы көрінісі төртбұрышты, терең ормен қоршалған биік төбе. Аумағы 180x160 м, биіктігі 13-15 м. Орталық бөлігі (цитадель) төбенің оңтүстік-батыс бұрышында орналасқан. Аумағы 70x50 м, биіктігі қалашықтың үстіңгі бетінен есептегенде 4 м. Қаланы айналдыра салынған үлкен қабырғаның құлаған орны анық байқалады. Қақпалары оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста бір-біріне қарамақарсы орналасқан. Төбенің орта ғасырдағы аты белгісіз. Кезінде гүлденген қала болған. Қазба жұмыстары кезінде бірнеше бүтін қыш ыдыстар: екі көзе, екі қақпақ, кіржуғыш және сырланбаған кесе табылды.
Алтынтөбе Ұлы Жібек жолының Шаштан Испиджабқа апаратын тармағының бойында орналасқан. Зерттеу кезінде жиналған археологиялық материалдар қаланың X-XVI ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>