Алдын ала қамау
Алдын-ала қамау – қылмыстық процесте: қамауға алу (тұтқындау) түрінде бұлтартпау шарасын қолдану арқылы айыпталушыны (сезіктіні) немесе сотталушыны уақытша бас бостандығынан айыру. Алдын-ала қамаудың мерзімдері, тәртібі мен шарттары қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген. Сот оны жазаны өтеу мерзіміне қоса есептейді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> Айыпталушыны (сезіктіні) тұтқындау шарасы тек прокурордың санкциясымен, не соттың шешімі бойынша қолданылады; тұтқындау мерзімі 12 айдан аспауға тиіс, бұлтартау шарасын алып тастау немесе өзгерту тек прокурордың келісімімен ғана жүзеге асырылады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң