Айғырлы бекінісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Айғырлы бекінісі.jpg
Айғырлы бекінісі.

Айғырлы бекінісіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Таушық ауылынан 16,5 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Сипаты

2006 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі "Ескерткіштер жинағы" экспедициясы зерттеген.
Бекініс қабырғасы төмпешік жал болып қоршалған. Жоспардағы жалпы ұзындығы 62 м, аздап бұралаңды болып келеді. Негізгі қабырға жардың солтүстік жағынан биіктігі 3 м қаландымен жалғасқан. Қабырға тастарын теріп алып кету әсерінен толық құлап, биіктігі 2,5 м, ені 6-7 м топырақ пен тас аралас жал үйіндісіне айналған. Қабырғаның 4 бұрышы жартылай шеңберлі, диаметрі 3-5 м болатын мұнаралармен бекітілген. Сонымен қатар, №3 және №4 мұнаралар арасында, ғимаратқа кіретін есік қуысы болған. Қабырға 2 қатар тастан, еш лай балшықсыз қаланып, қаландының ортасын нығыздап тас пен топырақ толтырылған.
Мүйістің оңтүстік жағынан, қабырғаға жетпей, ені 1 м шамасындағы керуен жолының соқпағы жатыр. Соқпақ мүйісте бірнеше әкті-құмтастан тұратын құрылыс орнына келіп бітеді. Осы жерде төртбұрышты іргетас ізі анық байқалады. Қоныс пен бекініс аумақтарында, арнайы құралды және қолдан жасалған моңғол дәуіріне дейінгі қыш ыдыстар сынығы көптеп кездеседі. Мүйістен батысқа қарай 100-120 м шамасында, 20 қабір үсті құрылысы, тас қоршау, сатылы қаланды, белтас, антропоморфты XI-XIII ғасырларға мерзімделетін сынтастар мен ауқымды емес зират орындары бар.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер