Айнакүл Қапасқызы Ершина
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Айнакүл Қапасқызы Ершина – физика-математика ғылымдарының докторы (2002), професор (2008).
Қысқаша өмірбаяны
- 1971 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) бітірген.
- 1971–83 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ).
- 1984–87 Қазақстан ғылым академиясының сейсмология институтында қызмет етті.
- 1987 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагокикалық университетінде жұмыс істейді.
Ғылыми еңбектері
2001 ж. «Некоторые задачи аэродинамики мониторинга экологии Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – гидромеханика, аэродинамика,жел энергетикасы және экологиялық мониторинг мәселелері. Бірнеше ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 30 қазанда туғандар
- 1950 жылы туғандар
- Шу ауданында туғандар
- Физика-математика ғылымдарының докторлары
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлері
- Сейсмология институты қызметкерлері
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті қызметкерлері
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің профессорлары
- Қазақстан инженерлері