Аймантөбе қонысы
Аймантөбе мекенжұрты — VII–IX ғасырлар қоныс орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Байзақ ауданы, Аймантөбе ауылынан 1,5 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
Сипаты
1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған.
Ескерткіш жобасында дөңгеленіп келген төбе тұрпатты. Диаметрі – 110 м, биіктігі – 5 м-ге жуық.
Үстінен жиналып алынған материалдардың дені – сырланбаған қыш ыдыстардың сынықтары. Мекенжұртты айнала батпақты және қамысты су қоршап жатыр. Ескерткіштің батыс беткейінде 100 м қашықтықта зират орналасқан. Ал, шығыс беткейінде оңтүстіктен солтүстік бағытында электр желісі өткен.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>