Адай Ата кешеніндегі Амал мерекесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Алаң Адай Ата — Маңғыстау облысында Отпан тауда орналасқан кешен. Отпан тау - Маңғыстау облысындағы ең биік нүкте. Оның шыңында 37 метрлік Адай ескерткіші және әкесінің екі қанатына айналған Құдайке мен Келімберді ұлдардың екі мұнара стеласы бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Отпан тау тарихи кешені мен Адай ата кесенесі салынғаннан бастап, жыл сайын дәстүрлі түрде Амал мерекесі атап өтіледі. Бұл шара ата-баба дәстүрін сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында өткізіледі. Адай ата ұрпақтары белгіленген кезек тәртібімен Отпан таудың шыңында Бірлік отын жағу рәсімін орындайды. Бұл шара ынтымақ пен бірлікті дәріптеуге бағытталған дәстүрлі рәсімдердің бірі болып табылады.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref>

Адай Ата кешені

Адай Ата кесенесі

Адай Ата кесенесі Қаратау жоталарының ең биік шоқысы – Отпан тауда орналасқан. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 532 метрді құрайды. Бұл кесене тарихи-мәдени маңызы зор нысан болып табылады және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық құндылықтарды дәріптеудің бір көрінісі саналады.

Кесененің жалпы биіктігі, күмбез найзасының ұшына дейін, 37 метрге жетеді. Сонымен қатар, Адай Атаның екі қапталында оның қос ұлы – Құдайке мен Келімберді аталарға арналған кесенелер орналасқан.<ref name=":1" />

362 баспалдақ

Маңғыстауда мекен еткен 362 әулиенің рухына арналған 362 баспалдақ Ақсарай мен Адай Ата кесенесін жалғастырады. Жер-Ананың қойнауына тән жерленген әулиелердің рухы Отпан таудың басына келіп, осы баспалдақпен жүріп өткен жанға шапағаты тиеді деген тілекпен ырымдап салынған.<ref name=":1" />

Ақсарай

Ақсарай — Адай атаның Ақордасы. Ақсарай — Адай атаның сегіз немересінің құрметіне арналған сегіз бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде елдің елдігін ұлықтайтын ас-жиын, елдің елдік, ұлттық мүдделеріне байланысты салиқалы кеңестер өткізіледі. Сонымен қатар, бұл сарайда өлкенің өткен өмір тіршілігін бейнелейтін тарихи мұражай бар.

Орталық залда Қазақстан мемлекетінің даму тарихына арналған тұрақты көрме (қазақ хандықтары, хандар шежіресі, ұлт қаһармандары, қазіргі заман бейнелері, ұлттық рәміздер, тәуелсіздік көріністері, тұңғыш президент – Елбасы туралы деректі көріністер) ұлттық мәнермен безендірілген.<ref name=":1" />

Мұңал Ата - Қарашаңырақ

Мұңал — Келімбердінің ең кіші ұлы және Адай атаның кенже немересі. Көптеген шежiрелерде Адай батыр 115 жыл ғұмыр сүрiп, қартайған шағында кенже немересi Мұңалдың қолынан бақилық болып еді дейді. Сондықтан да Адайлар Мұңал ауылын «Үлкен үй» деп құрмет көрсететін болған. Өлерінде Адай бабамыз разылықпен «Мұңал, сенiң өркенiң өсер. Бар ықыласым саған ауды. Әке мен ананы сен секiлдi аялап бақсын ұрпақтарың. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген, маған iстеген жақсылығың, мейiрiм-ықыласың, аумай-төкпей алдыңнан шықсын!» – деп ақ батасын берiптi. Мұңал немересi де қос қолын бiрдей жайып, «Әумин, ата, айтқаныңыз келсiн!» – деген екен. Адайдың немересі Мұңалға берген батасы қабыл болып, Адай ұрпақтары арасында Мұңалдар малы мен басы қаулай өскен, содан барып оларды «Адай елiнiң қалың сауыры» деп мадақтаған.<ref name=":0" />

Қарашаңырақ — Мұңал ата ұрпақтарының атынан барша елдің кәдесіне жасалды. Сыртқы формасы киіз үй пішіндес, аумағы 500 шаршы метрлік нысан мәдени - көпшілік шараларды, түрлі экспозициялар мен көрмелер, жиын-басқосуларды өткізуге арналған. Қарашаңырақтың қақ ортасында - Түркістандағы Қожа ахмет Яссауи кесенесіндегі Тайқазанның нұсқасында жасалған кіші қазан орналастырылды.<ref name=":0" />

Ұран оты

Ерте заманда елге жау шапқанда кең-байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап жатқан халықтың басын жинап, туған жерін қорғау үшін Отпан таудың басында Ұран отын жаққан. Сөйтіп, Адай руы бірігіп елін, жерін жаудан қорғап қалған. Отпан таудың басынан жаққан алау от сонау Үстірттің үстінен көрінеді екен. «Отпан тау – жеріміздің төрі, Адай ата кесенесі – еліміздің мөрі» деген ұран осы жердің барлық құдіреттілігін сипаттайды. Отпан тау – ата-бабаларымыздың аяғы, тұлпарларының тұяғы тиген, батырларымыз бен билеріміздің басын қосып, ақылдасып, елдің тағдырын шешетін шешімдер қабылдаған жер. Аталарымыз осы жерде елдің амандығына садақа беріп, Алладан ұрпақтарына саулық, тілеп, алыс жолға аттандырып отырған. Ерте заманда адам баласын суықтан қорғайтын панасы, ыстықтан қорғайтын көлеңке, жауыннан қорғайтын шатыр, желмен дауылдан қорғайтын ықтасын болған.<ref name=":2">Үлгі:Cite web</ref>

Сегіз арыс Адай

1. Қосай арысынан: Есембет, Есек, Еміл, Өрезек, Айдаралы, Айтқұл, Бәйнеке, Киікбай, Бердіс, Сердалы, Қатен, Шалбар, Қадір, Әйтей, Бегей, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай).

2. Тәзіке арысынан: Қабақтай, Өтей, Сәрке.

3. Құнанорыс арысынан: Құнанорыс.

4. Ақпан арысынан: Ақпан.

5. Шыбынтай (Балықшы) арысынан: Балықшы.

6. Әлнияз (Жеменей) арысынан: Шолақ, Солтаналы, Бегімбет, Қалша, Мырзагелді, Қожантай, Қожағұл, Қожамсүгір, Алдасай, Кедей, Бәйбіше, Қаратоқа, Ақбота, Көшке, Олжашы, Мамыр, Бөкен, Есен, Кенже.

7. Тобыш арысынан: Табынай, Бәубек, Шоңай, Қамысбай, Күмісбай, Қаржау, Дорал, Жаңай, Тоқабай, Өтеғұл, Құл-Зорбай, Қожа, Шегем, Жайылған, Шағыр, Бабық, Бегей, Қараш.

8. Мұңал арысынан: Алақұлан, Әли, Жанақ, Боқсары, Әтембек-Абыз, Байшағыр, Мамыртай, Жақау, Қырымқұл, Қыдырша, Бабақұл, Мая, Қоштан, Төлеп, Медет, Күшік, Қосбармақ, Байпақ, Байбоз, Өтеулі, Матай, Айым, Шақа, Жаманғара, Көрпе, Сүгірәлі, Сарғасқа, Жәдігер, Ескелді, Қосқұлақ, Мете, Дәулеталы, Кеще, Жетімек, Тоқтамыс, Бектеміс, Базар, Шотан, Майлан, Құдайберген, Тастемір, Қырықмылтық.<ref>Сегіз арыс Адайым. Танымдық шежіре кітап. 9 том. Астана: Профи Медиа, 2015. - 480 бет.</ref><ref>Шежіре - Сайын Баймұңаловтың және Бисен Өтесінұлының нұсқалары http://sugirali.kz/index.php/shezhire/ata-tek Бейнеу аудандық «Рауан» газеті, 8 қараша 1991 жыл</ref>

Орналасуы

Отпан - тау: Маңғыстаудағы Батыс Қаратаудың ең биік нүктесі (биіктігі – 532 м). Ақтау – Таушық – Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды ауылы менен Тұщыбек санаторийінің орта жерінде, жолдан 5–6 км сол жақ қапталында орналасқан.<ref name=":1">Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер