Абайдың туған жері, өскен ортасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абайдың туған жері, өскен ортасы» - «Жазушы» баспасынан 1971 ж. қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген түрлі-түсті суретті кітапша. Авторы - Қ. Мұқаметханов. Кітапша «Семей», «Абай аулына сапар», «Ақын атындағы ауданда», «Жидебай» деген тараулардан турады. Онда Абай тағдырында өшпес із қалдырған Семей қаласының тарихы көркем баяндалып, ақынның өмір жолына қатысты мәдени орындарға шолу жасалады. Абай атындағы ауданның шаруашылығы, мәдени тұрмысы, айналысатын кәсіптері жайында нақты деректер келтірілген. Ақын қыстауы - Жидебайдың әсем табиғаты, өзен-көлдері, таулары сөз болады. Басылым түрлі-түсті суреттермен, белгілі адамдардың портреттерімен айшықты безендірілген. Кітапша туристерге, көпшілік оқырманға арналған. Көлемі 2,15 б. т., 20 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub