Ілияс Ысмайылұлы Молдажанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ілияс Ысмайылұлы Молдажанов (1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бөденелі а. – 25.2.1938, Алматы) – қоғам қайраткері, ақын, журналист.
- Руы — Уақ.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
- Екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген (1914). Жастайынан шығармашылықпен айналысқан. Оның онға жуық дастаны мен қиссасының қолжазбалары Қазан университетінің ғылыми кітапханасында сақтаулы.
- 1918 ж. Семейде Алашорда жасақтаған атты әскерге алынып, Жетісу майданында шайқасты.
- 1920 ж. наурызда Кеңес өкіметі жағына өтіп, 3-ші Қазақ атты әскер полкінің соғыс комиссары болды.
- 1921 – 24 ж. Орынбор мен Семейде партиялық үгіт-насихат жұмыстарын атқарды, “Қазақ тілі” газетінің редакторы болды.
- 1925 ж. Павлодар уезінде, 1926 – 28 ж. Қызылжар губерниясында басшы қызметтерде болды.
- 1929 – 35 ж. Гурьев, Қостанай округтік атқару комитетінің, Алматы облысы аткомның төрағасы
- 1935 – 37 ж. Қазақ АКСР Қаржы халық комиссары болды.
- 1938 ж. саяси қуғынға ұшырап, 1956 ж. 30 маусымда КСРО Жоғ. соты әскери алқасының шешімімен ақталды.<ref>Сәдуақасұлы Ә., Тарихыңды танып біл, А., 1996.</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 1900 жылы туғандар
- Бесқарағай ауданында туғандар
- 25 ақпанда қайтыс болғандар
- 1938 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- КСРО журналистері
- КОКП мүшелері
- Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар
- КСРО-да қуғындалғандар
- Қазақстан ақындары
- Қазақстан журналистері
- Алаш қозғалысы мүшелері
- Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Алматы облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Қазақ АКСР халық комиссарлары
- Қазақстан қаржы министрлері
- КСРО-да репрессияланғандар
- КСРО-да ақталғандар