CZ SA Vz.58

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

CZ SA vz.58 - 1958 жылы Чехословакиягың Угерски Брод қаласындағы мемлекеттік қару дайындайтын кәсіпорны Ческа Збровкада жасалған автомат. Бұл қару осы кезге дейін Чехия мен Словакия армиясының әскери қару қатарында тұр.

2010 жылы оның орнын басатын CZ 805 автоматтары шығарыла бастады. CZ SA vz.58 сырттай қарағанда кеңестік Калашников автоматына ұқсайды, бірақ құрлымы мүлде бөлек. CZ SA vz.58 автоматикасы оқпан каналы түтінді газды шығаруға негізделген. Газ прошенінің жеке қайтарымды серіппесі бар. Автоматтың оқпаны бекітпенің төменгі бөлігінде орнатылған әскери бөлік арқылы жабылады. Екпінді іске қосу механизмі оқты бір-бірден немесе үздіксіз атқылауға мүмкіндік береді. Үш позициялы тежегіш – ауыстыргышы тапанша тұтқасының оң жағында орналасқан. Автомат жоғары сапалы деңгейде дайындалған. Бітпе қақпағы құрыштан сығымдалып жасалған. Бекітпесі, газ тартпасы мен оқпан каналы хромдалған, ал сыртқы тетіктерінің бәрі фосфаттан құйылған.Автоматқа найза-пышақ пен граната атқыш орнатуға болады. Автоматтың Vz58 винтовкалы нұсқасы – әлемдегі көптеген армия әскері қолданатын қару.

Автоматтың нұсқалары

  • Sa vz.58P (Pěchotní)
  • Sa vz.58V (Výsadkový)
  • Sa vz.58Pi
  • CZ 858 Tactical<ref>1100 қызықты деректер</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер