BALA (Ninety One)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Данияр Ақылбайұлы Құлымша, BALA (19 ақпан 1998 жылы туған, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.

Өмірбаяны

Данияр 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Топтың кенжесі болғанымен отбасында үлкені; інісі және қарындасы бар. Отбасы қазіргі таңда Астана қаласында тұрады.

Білімі

11 жылдық жалпы орта білім алғаннан кейін Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжіне түседі. Қазіргі кезде осы коледждің 2-курс студенті.

Brotherhood

Астана қаласында танымал әншілердің әндеріне кавер-нұсқа (cover version) жасайтын «Brotherhood» вокалды-аспапты топтың экс-мүшесі.

Ninety One

Үлгі:Толық мақала Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының жетекші вокалисті. Сондай-ақ топ арасында «макнэ», яғни топтың кенжесі. Топқа ALEM-мен бірге JUZ Entertainment агенттігі жүргізген кастинг арқылы қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.

Қызықты мәліметтер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ninety One