Әмірбек Әнуарұлы Төгісов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әмірбек Әнуарұлы Төгісов (30.5.1949 жылы туған, Қытай, Бурчун қаласы) – әскери қайраткер, генерал-майор (1996). Орджоникидзе қаласындағы КСРО ҚҚМ-нің командалық әскери училищесін (1970), Целиноград педогогиялық институтын (1981) бітірген. 1968 жылдан Қарулы Күштер қатарында. 1970–1991 жылы КСРО ҚҚМ Ішкі әскерлер бас басқармасында әр түрлі жауапты қызметтерде болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (1992–1997), Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары (1997–2000) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан запаста, 2-дәрежелі “Айбын” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Әскери атағы

Әскери атағы - генерал-майор.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - атеист.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «XXI ғасыр -Азия құрлығының дәуірі, ал Қазақстан бұл аймақта жетекші орынға ие болады».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Кенесары хан.

Хоббиі

Хоббиі - кітап оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи туындылар.

Үй жағдайы

Үйленген. Жұбайы - Төгісова Татьяна Михайловна (1950 жылы туған), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Ұлы - Тегісов Ренат (1973 жылы туған), инженер-экономист, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери қызметкері; қызы - Тегісова Лариса (1981 жылы туған), әскери заңгер, ҚР ішкі әскер капитаны.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref> <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}