Әбілтай Шәміл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәміл Әбілтай (24.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауы) – күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 жылы).<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Атырау музыка училищесін домбыра мамандығы (1972 жылы) бойынша бітірген. 1972 – 75 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975 – 85 жылдары еркін шығармашылық еңбекпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985 – 88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық. Құрманғазы қорының төрағасы болған.

  • Ұлытау атты күй-кітабы мен “Ордабасы” дейтін күйтабағы шықты.

Қазақ телевизиясы бойынша “Yкілі домбыра”, “Домбыра дастан” бағдарламаларын жүргізді.

Әбілтаев –

  • “Домалақ ана”,
  • “Қыдыркезген Қызылқұм”,
  • “Ордабасы”,
  • «Бір ауыз сөз»,
  • «Күй ата» <ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref> музыкалық-толғауларының авторы.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1980 жылы). 1994 жылы Измир қаласында (Түркия) өткен түрік халықтарының дүниежүзілік құрылтайында озан (жыршы) атағын алған. « Жастар одағы» сыйлығының иегері (1980). 1994 жылы Түркияның Измир қаласында өткен түрік халықтарының дүниежүзілік құрылтайында озан ( жыршы- жаршы) атағын алған.

Әбілтайдың композиторлық шығармалары негізінен тарих тағылымына баса назар аударумен әрі оны қазақ елінің тәуелсіздігімен ұштастыру болып табылады. Әбілтай Оғыландыдағы әулие күмбезінде түнегенде «Бекет ата» күйін шығарған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}