Әбдісәмет Қазақбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әбдісәмет Қазақбаев (1898, Қаракеңгір бойы, Ұлытау болысы, Сырдария облысы — 1959) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
- 1924—1937 жылдарда Ақмола ауданында ауылдық Кеңес хатшысы, төрағасы, колхоз басқармасы.
- 1937—1938 жылдарда аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары
- 1938 жылы Қарағанды облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
- 16.07.1938—18.03.1947 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті бюросының мүшесі.
- 1947 жылғы наурыз айында қызметінен босатылды.
Қоғамдық қызметі
- КСРО Жоғары Кеңесінің 1 және 2-шақырылымына депутат болып сайланды.
- Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланды.
Марапаттары
- 2 рет Ленин ордені
- орден-медальдармен марапатталған.