Ұлтаралық Тіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлтаралық Тіл — көп этникалық мемлекеттерде халықтардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін сөйлеу құралы. Ұлтаралық Тілді сол мемлекетте өмір сүретін азаматтардың басым бөлігі білуі керек. Ұлтаралық Тілдің мемлекеттік тіл ретіндегі статусы болуы міндетті емес. Елдегі басым тіл болғандықтан шаруашылықты ұйымдастыру, қаржы жүйесі, ақпарат, баспасөз, билік ин-ттары негізінен Ұлтаралық Тілде қызмет атқарады. Мыс., қазіргі ТМД елдерінде орыс тілі ұлтаралық қатынастар тілі ретінде қызмет атқаруда. Әсіресе, Ұлтаралық Тіл ретінде орыс тілінің рөлі Қазақстанда, Беларусьте, Украинада өте пәрменді. Қазақстанда орыс тілінің Ұлтаралық Тіл ретіндегі статусы конституциялық құқықпен бекітілген. Қолдану аяларының ауқымы жағынан ұлтаралық қатынас тілі — орыс тілінің мемл. қазақ тілінен басымдылығы анық. Сол себепті Қазақстанда ұлтаралық қатынас тілін сақтай отырып, мемл. тілді соның дәрежесіне көтеру міндеті тұр. Қолдану аялары көбейе түскен қазақ тілінің де келешекте елдегі Ұлтаралық Тіл дәрежесіне көтерілетін қуаты да, тілдік қоры да жеткілікті.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}na:Kazakhstan za:Hahsahkwswhdanj