Ұлтаралық Корпорация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлтаралық Корпорация— шет елден тікелей инвестицияланатын БҰҰ-ның анықтамасы бойынша жылдық айналымы 100 млн. доллардан асатын және кем дегенде алты елде бөлімшелері бар мекемелер. Сондай-ақ оның халықаралық мәртебесін компания орналасқан елден тыс жерлерде өткізілетін тауарлары пайызының мөлшері сияқты көрсеткіш те сипаттайды. Ұлтаралық Корпорацияның қай елге жататыны оның штаб-пәтерінің орналасуы бойынша айқындалады. Төлем теңгерімі тұрғысынан кез келген несие беру немесе айтарлықтай дәрежеде инвестор-ел резиденттерінің меншігінде тұрған шетелдік кәсіпорынның акцияларын (жарғылық капиталдағы үлеспұлдарын) сатып алу шет елден тікелей инвестициялау болып табылады. Тікелей инвестициялау әрқашан да бірдей капиталдың нақты орын ауыстыруын көздемейді. Кейде басты компания қабылдаушы елдегі қаржы ресурстарының бәрін алады, бұл орайда өзінің сауда таңбасын, басқару технологиясын және басқа бейматериалдық активтерді пайдаланады. Бөлімше пайда түсіре бастаған кезде меншікті пайдасын инвестициялау және несиеге жаңадан алынған қаражат есебінен өсе түседі, ал пайданың бір бөлігі басты компанияға байқаусыз дерлік көше бастайды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары тікелей инвестициялау өте тез өсті. Ол кезде АҚШ аса ірі инвестор болды. 70-жылдардан бастап шет елден инвестициялау бәсеңдеді, сонымен қатар ол бағытын да өзгертті. Дамушы елдерге инвестиция барған сайын азайып, инвестицияның көп бөлігі АҚШ-қа, ЕЭО-ға, ҚХР-ға ауды. 80-жылдардың басындағы халықар. төлем теңгерімінің дағдарысынан кейін бұл үрдіс күшейе түсті. Коммунистік тәртіп құлағаннан кейін Шығыс Еуропа мен КСРО-да тікелей шетелдік инвестициялар олардың пайдасына біршама қайта бөлінді.

Дереккөздер

Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}na:Kazakhstan za:Hahsahkwswhdanj