Үлкен Ноғай ордасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлкен Ноғай ордасы, Үлкен ноғайлар — 16 ғасырдың 2-жартысында Ноғай ордасының ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттік құрылым.


Үлкен Ноғай ордасы Еділ (Волга) өзеннің Каспий теңізіне құятын төм. ағысының сол жағалауынан Жайық өзеніне дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрген ұлыстардан құрылған. Үлкен ноғайлардың билеушілері өздерінің Мәскеу мемлекетіне тәуелділігін бірнеше рет мойындады (1555 — 63, 1564, 1567). 1600 ж. Борис Годунов патша Үлкен ноғайлардың тәуелділігін ресми түрде бекітіп, Естерек (Иштерек) мырзаға князь атағын берді. 17 ғ-дың бас кезінде Үлкен Ноғай ордасы бір жағынан Мәскеу мемлекетінің, екінші жағынан Еділ бойына қоныстанып қалуға тырысқан қалмақ тайпаларының қысымына ұшырады. 1634 ж. қалмақтардың кезекті шабуылынан кейін Үлкен Ноғай ордасы ыдырап кетті. Үлкен ноғайлардың бір бөлігі Жайық өз-нен өтіп, қазақ, қарақалпақ халықтарына келіп қосылды, қалғандары Еділ өзенәнің оң жағалауына қоныс аударып, Кіші ноғайлармен бірге көшіп-қонды; қ. Ноғай Ордасы, Кіші Ноғай ордасы.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}