Қырықмылтық мұнай-газ кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қырықмылтық мұнай-газ кен орны - Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км, Жантерек стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 км жерде.

Геологиялық құрылымы

Іздеу-бұрғылау жұмыстары 1988 жылы басталып, нәтижесінде төменгі бор қабатында 6 мұнай-газды горизонт, юрада - 4, триас шоғырларында - 3 горизонт бар екендігі анықталды.

Жатыс сипаты

Өнімді горизонттардың жатыс тереңдіктері төменгі бор шоғырында 286-725 м, юрада - 750-1060 м, триаста - 1300-1400 м. Коллекторлары терригенді, кеуекті. Жабыны саз будасынан (қалыңдығы 10-20 м) тұрады. Төменгі бор горизонттарының ашық кеуектігі 27-40% аралығында өзгереді. Жалпы мұнайға қаныққан қалыңдығы 2,5-9 м, тиімді мұнайға қаныққан қалыңдығы 2-6 м. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,62-0,81. Шоғырдың биіктігі тектоникалық блоктардың қалпына байланысты. Қабат қысымы 2,4-5,4 МПа, температурасы 30-38°С. Блок бойынша мұнайдың тәуліктік өнімділігі 1,12-14,4 м3. Өнімді горизонттардың табан сулары хлоркальцийлі, тығыздығы 1,03-1,152 г/см3, минералдылығы 95-197 г/л. Судың тәуліктік өнімділігі 11-160 м3. Микроэлементтердің судағы мөлшері аз.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}