Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Stamp of Kazakhstan 279.jpg
Ғұсман Қосанов

Ғұсман ҚосановКСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ. 1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы<ref name="source1">«Қазақ энциклопедиясы», VI-том</ref>(25.5.1935, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Изатулла аулында — 13.6.1990, Алматы) — жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРОАҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан «Қосанов Мемориалы» атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Ғұсман Қосанов Лос Анжелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3–4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Алданыш Рамазанқызы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}