Қонысбек Төрешұлы Қазантаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазантаев Қонысбек Төрешұлы (1923, қазіргі Қызылорда қалалық округі, Қызылжарма ауылы – 17.8.2000, Қармақшы ауданы) – қоғам қайраткері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

Қазалы орыс-қазақ педагогикалық училищесін (1942), Алматы жоғары партия мектебін (1950) бітірген. 1945 – 63 жылдары Қармақшы аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, төрағаның орынбасары, төраға, 1963 – 75 жылдары Тереңөзек (қазіргі Сырдария), 1975 – 85 жылдары Жалағаш аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Қазантаев «Құрмет белгісі» (1958), Еңбек Қызыл Ту (1971), Ленин ордені (1966, 1973, 1976), «Октябрь революциясы» (1981), «2-дәрежелі Отан соғысы» (1988) ордендері, медальдармен марапатталған. КСРО және Қазақстан Жоғарғы кеңестеріне депутат болған. Қызылорда қаласында бір көшеге Қазантаев есімі берілді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}