Қасым Мағрұпбекұлы Ахметов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Қасым Ахметов( 19.11.1935. Алматы.) - кино-телережиссер. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Ленинградтың театр, музыка және кино институтын бітірген (1971). "Қазақтелефильм" студиясының режиссері(1971-78; 1985- 87), студия директоры (1979-84), "Катарсис" ШӨБ-інде деректі фильмдердің бас режиссері(1988- 95) болды.
"Қазақтелефильм" студиясындағы тұңғыш туындысы қазақ театрының негізін қалаушылардын бірі "Қалибек Куанышбаев" жайлы деректі телефильм болды. 1970 ж. "Муслима" атты көркем телекиносы Минск қаласында өткен IV Бүкілодақтық телефильмдер фестивалінде жүлделі орынға ие болды. Қысқа метражды "Бақа мен Эдельвейс" және "Саған не айтуға болады?" ойын телефильмі жас көрермендерге арналған. "Қазақстан Октябрьден шуақ алған" толық метражды деректі телефильмі (Олжас Сулейменовпен бірлікте) сценарийі авторларының бірі әрі режиссері Қазақстанның 60 жылдығына арналған бұл фильм Орталық телевизия және "Интервидение" жүйесі арқылы әлемге таратылды. Режиссер өз өмірінде еліміздің және Одақтас республикалардың маңызды жайттарынан сыр шертетін 40-тан астам деректі фильмдерді экранға шығарды. Ауыл еңбеккерлеріне арналған "Астық - біздің байлығымыз", "Күн сайын", "Нан оңайлықпен келмейді", "Бізге өзге өмір керек емес" фильмдерін көрермен аудиториясына ұсынды. Қазақ КСР-інің өнеріне еңбегі сіңген қайраткер (1979), КСРО Киноматографистер одағының мүшесі (1978).
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}