Қарқара Ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарқара Ескерткіштері – ежелгі заманнан жеткен қоныс, таңбалы тас, оба, тас мүсіндердің жиынтық атауы. Алматы облысы Кеген ауданы жеріндегі ескерткіштер көп болғандықтан, ғылым әдебиеттерге осындай атаумен енген. Бұл аудандағы Шырғанақ сайында ортағасырлық елді мекен болған. Ол жерден 1892 жылы қыш ыдыс сынықтары, тастан жасалған құралдар табылған.

1895 жылы Ларионов Шырғанақтағы Иірсудан тас мүсіндер, тасқа жазылған таңба-жазулар тапқан. Кеген ауылынан 7 км, Қарқара жолының қасында аумағы 30х40 м төрт бұрышты келген ортағасырлық қоныс орнынан 1898 жылы В.Д.Городецкий 16 обаны тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

1963 жылы Қазақстан ҒА Тіл білімі институтының Ғ.Мұсабаев бастаған экспедагогика Қарқарадан биіктігі 1,5 м, жазуы бар тас мүсін тапты. Қарқара ескерткіштері негізінен түркі дәуіріндегі қоғамның рухани, мәдени дүниесінен мағлұмат беретін тарихи кешендер болып табылады. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}