Қайдар Самықұлы Бурабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайдар Самықұлы Бурабаев (1939), партия-кеңес, шаруашылық қызметкері.

Мектепті алтын медальмен бітірген (1959), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіріп (1964), еңбек жолын бұрынғы «Еңбек» кеңшарында бастаған. 1974-1982 жылдары аралығында бұрынғы «Қырғызстан» кеңшарында директор болды. 1982 жылы бұрынғы Талды ауданы Кеңесі атқару комитетіне төраға болып бекітілді. 1983-1988 жылдары осы аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болды. 1988- 1991 жылдары облыстық партия комитетінің аппаратында қызмет атқарды. 1991 жылдан кайтадан «Қырғызстан» кеңшарының директоры. 1997 жылдан «Арқа» шаруа қожалығының басшысы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}