Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты 1933 жылы 1 ақпанда құрылған. Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары: қойдың, ешкінің, жылқы мен түйенің жаңа тұқымдарын өсіру және жетілдіру; қойды ұтымды бағу мен азықтандыру негізінде мал ш. өнімін көбейтудің әр аймаққа қатысты ғылыми негізделген үлгілерін жасау. Институт ғалымдары етті-сүтті, жартылай биязы жүнді, биязылау жүнді кроссбредті, етті-жүнді кроссбердті және етті-майлы бағытта өнім беретін 5 қой тұқымын, 22 тұқымішілік түрді, етті-сүтті бағыттағы 1 жылқы тұқымын шығарды, қой, ешкі және жылқы шаруашылықтарында 8 технологиялық әдіс өндіріске енгізілді. 11 патент алынып, 5 өнертабыс ұсынылды. Институтта 21 ғылыми докт., 36 ғылыми канд., Қазақстан ҰҒА-ның 1 акадидат және 1 корр. мүшесі жұмыс істеді. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 12 ғылыми докт. мен 50 ғылыми кандидаты даярланған. Ғалымдар зерттеулерінің нәтижелері 8 монографияда, 2 ғылыми еңбектер жинағында, 297 ғылыми мақалада және 12 ұсыныста баяндалды.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}