Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мин-нің қарамағында. Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тының қаракөл ш. бөлімі мен Шымкент мемл. а. ш. тәжірибе ст. негізінде 1962 ж. ұйымдастырылған. 2002 ж. “Оңтүстік-батыс ауыл шаруашылығы” ғыл.-өндірістік орт-ның Респ. мемл. кәсіпорны болып қайта құрылды. Ин-тта қаракөл қойының генетикасы мен селекциясы; қаракөл қойын өсіру мен түйе өсіру технологиясы, жайылым және мал азығын өндіру; қаракөл ш-ндағы өндірістік процестерді кешенді механикаландыру; ғыл.-тех. ақпарат және патент ісі бөлімдері бар. 1963 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғыл. бағыттары: елтірілік қой тұқымдарына және түйелерге иммундық-генетик. және феноцитогенетик. мониторинг және тератол. скрининг жүргізу; қаракөл қойы тұқымдарының жаңа з-ттық типтері мен линияларын шығарып, олардың гендік қорын сақтау; елтірілік қойлар мен бір өркешті түйелерді өсіру және оларды күтіп-бағу, азықтандыру технологиясын жетілдіру; өте құнды, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктердің, сондай-ақ, Оңт. Қазақстанның шөл және тау етегіндегі аймақта өсетін дәрілік өсімдіктердің гендік қорын жасап, оларды ұзақ мерзімге сақтаудың технологиясын жасау; шөл және шөлейт жерлерде жайылым шөптерінің (таспашөп, жусан, қараматау, сексеуіл, т.б.) сорттарын өсіріп, фермерлік ш-тар үшін шөптесін-бұталы және жусанды-эфемерлі жайылымдарды тиімді пайдаланудың тәсілдерін зерттеу; оңт. аймақтардағы түйе ш. кешендеріне бейімделген, еңбек өнімділігін арттыратын құрал-жабдықтар жасау. Ин-т қаракөл қойының “Сырдариялық қара”, “Гурьевтік көгілдір”, “Таластық көгілдір”, “Түгіскендік қара бұйра”, “Күмістей жылтыр бұхарлық сұр”, “Қожатоғайлық қара”, “Созақтық қара” типтерін және елтірілі-етті-майлы Атырау асыл тұқымды қаракөл қойының з-ттық типтерін шығарды. Қазақ а. ш-н механикаландыру және электрлендіру ғыл.-зерт. ин-тымен (қазіргі “Ауыл шаруашылығын механикаландыру” ғыл.-өндірістік орт-ның құрамында) бірлесіп қаракөл елтірісін өңдеуге арналған машиналар мен механизмдер жасап, оларды өндіріске енгізді; түйені машинамен сауу, жүнін электр машинамен қырқу әдістерін өндіріске ұсынды. Ин-т Ресейдің бірнеше ғыл. орт-тарымен, Өзбекстанның Қаракөл ш., Ботаника, Қырғызияның Орман ш., Түрікменстанның Шөл ғыл.-зерт. ин-ттарымен, сондай-ақ, Израильдің Бен-Гурион ун-ті, Италияның Халықар. генетик. ресурстық экспортымен, т.б. тығыз байланыста әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ин-тта Қазақстан ҰҒА-ның корр. мүшелері, Мемл. сыйл. лауреаттары С.Әбдірайымов, Х.Ы. Үкібаев, сондай-ақ, а. ш. ғыл. докт., проф-лар Ә.М. Омбаев, Ә.С. Ахметше, Н.Н. Әлібаев, Т.К. Рисимбетов, А.Баймұханов, М.А. Есқара жұмыс істейді.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1962 жылы 29 қазанда құрылған.
Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары:

  1. түйе мен қаракөл қой тұқымдарының иммуногенетикалық, фено-цитогендік мониторингін, тераторологиялық скринингін жүргізу;
  2. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында генофондты сақтау, дамыту мен пайдаланудың тиімді әдістерін қарастыру, қаракөл және Атырау құйрықты етті-сүтті қой тұқымдарының зауыттық типтерін жетілдіру мен жаңа түрлерін өсіру;
  3. жойылып бара жатқан сирек түсті және реңді қаракөл қойларын сақтау мен жедел көбейтудің биотехнол. әдістерін дамыту;
  4. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында қазақ қос өркешті түйелері мен аруаналары тұқымын жетілдіру мен жаңа тармақтарын, типтерін дамыту;
  5. елтірісі сапалы қой тұқымдары мен түйенің қазақ аруанасы тұқымының төлдерін өсіру, асырау технологиясын зерттеу;
  6. Қазақстанның аридтік аймағы жануарлары популяциясының генетик. ресурстарын сақтау мақсатында елтірісі сапалы қой тұқымдары мен әр текті түйелер будандарының коллекциялық түрлерін түзу;
  7. Қазақстанның оңт-нің шөлді аймағында жайылымды сақтайтын және құмды қатайтатын көшеттерді отырғызу технологиясы мен шаруа қожалықтарындағы шөпті-бұталы және жусанды-эфемерлі жайылымдарды ұтымды пайдалану әдістерін жетілдіру;
  8. қой терісін, қаракөл, жүн мен түйе терілерін өңдеу мен сақтаудың тиімді технологияларын дамыту.

Соңғы кезде институтта 138 адам, оның ішінде 74 ғылыми қызметкер, 8 ғылыми докт., 40 ғылыми канд., ҰҒА-ның 2 корр. мүшесі, Қазақстанның Мемл. сыйл-ның 2 лауреаты жұмыс істейді. Институт ғалымдары Қызылқұмның құмдарында сексеуілді-бұталы жайылымдарды пайдалану технологиясын жасаған. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 4 ғылыми докт. мен 35 ғылыми канд. даярланды. Ғалымдардың ғыл. еңбектерінің нәтижелері 4 монографияда, 6 ғыл. еңбектер жинағында, 203 ғылыми мақала мен 10 ұсыныста баяндалды, 4 авторлық куәлік алынған.<ref name="source1"/><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер </span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}