Қазақ географиялық қоғамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Organization

Қазақ Географиялық Қоғамы география ғылымын дамытуды мақсат қойып, осы бағыттағы қазақстандық және шетелдік түрлі жобаларды қарастырады.

Қоғамның Қазақстан Республикасының атағын шығаратын, халықаралық маңызы зор алғашқы жобасы Оңтүстік полюске бағытталған тұңғыш қазақстандық автокөліктік экспедициясы болып табылады. Бұл әрекет саяхатшыларымыздың рухын көтеріп, бойларындағы күш-қуатын арттырады деген сенім артады. <ref> Үлгі:Cite web </ref>

Қоғам құрылымы

«Қазақ Географиялық Қоғамы» 2010-жылы география ғылымы және саяхаттануға қызығушылық білдірген пікірлес бірқатар азаматтар тобы ықпалымен ұйымдастырылған қоғамдық бірлестік.

Негізгі мақсаттары:

— отандық география және онымен сыбайлас табиғат және қоғамдық ғылым салаларын дамытуға ат салысу;

— ғылым жетістіктерін насихаттау;

— ғылыми жетістік нәтижелерін тәжірибелік іс жүзінде қолдануға ықпал жасау;

— география және онымен сыбайлас салаларда ғылыми творчестволық зерделердің дамуына барынша қолдау көрсету;

— әлем сипатын тану мақсатындағы жасалатын саяхаттану шараларына ат салысу.

Жоспарлары:

түрлі бағыттардағы саяхаттарды,

соның ішінде халықаралық экспедицияларын ұйымдастыру,

іске асыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету;

ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару;

баспалық қызмет атқару, соның ішінде кітап жазбалық, топографиялық және картографиялық басылымдарын шығару;

экспедициялар мен саяхаттардың байқау конкурстарын, сонымен қатар фото және видео бойынша байқау сайыстарын өткізу. <ref> Үлгі:Cite web </ref> Қоғам құрылымындағы органдар:

  • Қоғам Президиумы
  • Ғылыми Кеңес
  • Ревизиялық комиссия
  • Қамқоршылық кеңес

Бұл құрылымдардың қатарына Қазақ Географиялық Қоғамының толық мүшелері ғана сайлану хақысы бар.

Жобалары

Оңтүстікке айда!

Қазақ Географиялық Қоғамының алғашқы ерекше жобасы

2011 жылдың желтоқсанында қазақстандық полярлық саяхатшылар тобы қазақстандықтардан алғаш болып автокөлікпен Оңтүстік полюске жетті

Экспедиция мақсаттары

  • Қазақстаның география, биология және басқа іспеттес ғылымдарының дамуына ат салысу;
  • Қазақстанның халықаралық деңгейін көтеру;

Міндеттері

  • Оңтүстік полюске автокөлікпен жету;
  • Экспедицияның ғылыми мақсатын толық көлемде орындау;

Экспедиция 2011 жылдың 3 желтоқсанында Новолазаревская бекетінен аттанады

Қазақстанның 20-жылдық тәуелсіздігі қарсаңында, 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын Оңтүстік полюсте тікті; <ref> Үлгі:Cite web </ref>

Техникалық альпинизм тобының экспедициясы

Техникалық альпинизм командасының экспедициясы Қазақ Географиялық Қоғамы Орталық Тянь-Шаньда техникалық альпинизм командасының экспедиясын ұйымдастыру бойынша «Мүмкіндік шегіндегі тәуекел» атты жаңа жобаға белсенді түрде қатысты.

Қазақстандық және ресейлік альпинистер тобы жаттығу жиылыстарын өктізіп, аса күрделі санатты маршрут бойынша бірқатар биік шыңдар басына шығу әрекеттерін жасады. Бұл сапар кезінде альпинистер командасы Орталық Тянь-Шань мұздық алқабының экологиялық жағдайын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстар атқарды.

Экспедиция атқару мерзімі шамамен 2012 жылдың 5 шілдесі мен 1 тамыз аралығында өтті.

Жобаның мақсаттары:

Қазақстанда альпинизм спортын, салауатты өмір сүру және отан сүю қағидаларын насихаттауға бағытталған;

Аса күрделі санатты маршруттар бойынша Орталық Тянь-Шань шыңдарына шығу;

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер