Қазақстан (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Телеарналар «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы "Қазақстан" қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет, орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламасы дирекциялары, "Ел" (қоғамдық-саяси және әлеуметтік - экономикалық хабарлар) шығармашылық бірлестіктері жұмыс істейді. "Ақсауыт", "Әйел бақыты" топтама хабарлары беріледі. Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар. Оның хабарларын 2003 жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре бастады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Тарихы

Мемлекеттік ақпарат саясатының ең ықпалды ресурстарының бірі саналатын «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ құрамында «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Қазақ радиосы», «Шалқар», "Классик" радиолары бар. Бұған қоса Қазақстанның түкпір-түкпірінде он төрт облыстық филиалы жұмыс жасап жатыр, балаларға арналған «Балапан» арнасын іске қосты. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде ірге көтеріп, бүгінгі таңда Республика көрермендерінің 100% пайызын дерлік қамтитын Бірінші «Қазақстан» Ұлттық арнасы көршілес Ресей Федерациясы аумағына, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратады.

«Қазақстан» - телевизиялық танымдық-тағылымдық, көңілашар-ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстінде келе жатқан үздік телеарналардың бірі.

Мемлекет атын иеленген Бірінші арнаның жаңа заманғы ең үздік құрылғылары техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндігі бар. Соның мысалы ретінде, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери парадтар, кейінгі НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді.

Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көптеп саналады. Бұл бағытта Ұлттық арнаның таңертеңгілік ақпараттық-сазды «Таңшолпан» бағдарламасы жұмыс жасайды.

Сол секілді миллиондаған спорт жанкүйерлері де «УЕФА чемпиондар лигасы», «УЕФА Еуропа кубогі» сынды тартыстарды тамашалап өзге де көптеген ірі спорттық жарыстарды осы Бірінші Ұлттық арна арқылы көрсетіледі. Әсіресе, «Қазақстан» Ұлттық арнасы кейінгі Қысқы Азиада ойындарып жан-жақты көрсеткен.

Спорттық бағдарламалармен қатар көңіл серпілтетін ойын-сауық хабарларының бірі «Екі жұлдыз», «Кеш жарық» сияқты музыкалық шоулар. Әлемдік кеңістікке көз тігумен қатар ежелгі ұттық құндылықтарға да дендеп бет бұрған бұқара көпшіліктің көңілінен шыққан бағдарламалардың қатарынан «Сен сұлу» хабары. Айрықша бағдарламалардың бірі рухани өмірі аса бай, эстетикалық құндылықтары айрықша насихаттайтын, қазақ халқының қолданыстан шығып қалған көне сөздерін дәріптеуге бағытталған «Сөз мерген» бағдарламасы.

Қазақтың жезтаңдай әншілері дәстүрін үндейтін «Сегіз қырлы» бағдарламасы. Сондай-ақ, ұрпақты ұлттық мәдени құндылықтардың бағасын білуге баулып, бүлдіршіндер арасынан сол лайықты дәстүрді жалғастыратын болашақ өнер жұлдыздарын іріктеуге негізделген «Айгөлек» бағдарламасы. Отбасылық-ойын-сауықтық бағдарламасы «Толағай».

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсетілімдерінің елеулі үлесі көркем фильмдер мен сериалдардың трансляциясына беріледі. Телеарна эфирі барлық фильм жанрларын ұсынып отырады - әлемдік классика, детектив, комедия, арт-хаус, триллерлер және экшн-фильмдер. Қазір қазақ елі көрермендеріне үздік түрік және корей сериалдары көрсетіледі

«Қазақфильм» киностудиясының «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», сондай-ақ, соңғы жылдардағы «Қызжылаған», «Көшпенділер», «Біржан сал» сияқты туындаларына беріліп жүр. Ұлттық арна түрлі жанрлардағы бағдарламалар шығарумен қоса көркемсуретті фильмдер жасаумен де айналысып келеді. Оған мысал ретінде жаңа заманғы көпшілік-ситком жанрында түсірілген «Айналайын», «Астанаға көктем кеш келеді» сияқты дүниелерді атауға болады.

Қазір жобалар өндірісінде телехабарлар таратудың виртуалды студиясы сияқты ең соңғы жетістіктері кеңінен қолданыла бастады. Графикалық технологияның дамуына байланысты жарық қою құпияларын жіті пайдалану арқылы жүзеге асатын виртуалды декорациялар жасау мүмкіндігі пайда болды. Телеарна жуырда өндірістің, сондай-ақ бейнеконтентті өңдеу мен сақтаудың сандық технологиясына көшті. Бүгінде белгілі бір оқиғаны жан-жақты қамтып көрсете алатын «Қазақстан» арнасындағыдай он екі камералық жылжымалы телевизия құрылғысы ТМД елдері телевизиясының көпшілігінде жоқ. Бұл техниканың ең соңғы буыны саналады.

«Қазақстан» ҰТА ұжымы

Бағдарламалар:

Таңғы

Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы көрермендермен қауышып отырады.

Саяси-қоғамдық

  • Қазақстан. Менің елім

Әр хабар белгілі бір облыс өміріне арналады.Облыстың Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері жіліктеп жазылады.

  • Жаңалықтар

Ел және жаһан жаңалықтары

Арнайы репортаж – бүгінгі заманның өткір әлеуметтік мәселелеріне арналған телевизиялық бағдарламалардың циклі

Астанада өткен айтулы оқиғалар, қаланың әлеуметтік жағдайы, қала тынысы және мәдени өмірімен «Еңселі Елорда» бағдарламасының авторлары таныстырады

Елімізде 1 апта көлемінде болған саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларға және мәдени-рухани кеңістіктегі оқиғаларға талдау жасалады.

Бағдарлама көрерменге есімі, қызметі таныс, бірақ, кейбір қырлары бейтаныс қоғам қайраткерлерінің, ғылым, өнер, спорт саңлақтарының, саясаткерлердің болмысын ашып көрсетуге тырысады.Бағдарлама жабылған.

Жоба авторларының алға қойған мақсаты - Сенат пен Мәжілістің жұмысымен бұқараны хабардар ету, олардың заң шығарушылық қызметін сараптау.

Әлеуметтік

Бағдарлама қонақтары заманында талай асуларды алып, шыңдарды табындырған алдыңғы буын ағалар мен аналар.

Жоба мақсаты- әрбір қазақстандықтың және жалпы қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыру.

Бағдарлама тұтыну мәдениетін жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бағдарлама жабылған.

Бағдарламаның мақсаты- халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.

  • Заң алаңы

«Заң алаңы» сізді алаңдатқан өзекті мәселерге бағыт сілтеп, заңды шешімін табуға қол ұшын береді

  • Денсаулық

Хабардың басты мақсаты - ауырған адамға үміт беріп, оны емдеудің жолын түсіндіру.

  • Сен сұлу

Бағдарлама мақсаты - өзінің түр-тұлғасына, киім киісіне онша мән бермейтін әйелді сәндеу арқылы, оған психологиялық тұрғыдан өзіне деген сенім туғызып, өзгерту.

«Еркетай» бағдарламасы 3-тен 13 жас аралығындағы балабақша мен мектеп оқушыларына арналған.

Cпорттық

  • Әйелдер арасында волейболдан Әлемдік Гран -При

Әйелдер арасында волейболдан Әлемдік Гран -При

  • «Астана-2011» бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты
  • Футболдан УЕФА және Еуропа лигасының көрсетілімдері

«Қазақстан» Ұлттық арнасы футболсүйер қауымға УЕФА және Еуропа лигасының ойындарын ұсынды.

  • Футболдан Қазақстанның Премьер-лигасы

Көрсетілімдер Қазақстан футбол федерациясы бекіткен маусым кестесіне сай жасалады.

  • Азиада күнделігі

Бағдарлама Азия ойындары жарыстарының қорытындысы жөнінде ақпарат беріп отырды.

«Толағай» отбасылар сайысы арқылы еліміздің жас өрендерін отбасыларымен бірге спортқа баулып, салауатты өмір сүруге насихаттауды мақсат тұтады.

Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру.

Бағдарламаның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, апта айшығындағы спорттық ақпараттарды дер кезінде көрерменге жеткізу.

  • Азиада-2011

Бағдарлама көрермендерді Қысқы Азия ойындары барысынан хабардар етіп отырады. Бағдарлама 2011-жылдың наурыз айында жабылды.

Руханият

Телебағдарламаға елге танымал болған қайраткерлердің өмір тарихы, еңбек жолы, отбасы тіршілігі арқау болады.

  • Кеш жарық

Бағдарламада қазақ эстрадасының аты аңызға айналған жұлдыздарының өмірлік жолы сөз болады. Бағдарлама жабылған.

  • Ілік септігі

Телебағдарлама – ағымдағы аптаға орайлас белгілі бір тарихи, мәдени оқиғалар мен тұлғалардың ілкімді тұстарын сөзге ілік ете отырып, тартымды журналистік зерттеу жасайды.Бағдарлама жабылған.

Бағдарлама үш кезеңнен тұрады: «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр». Бағдарлама ойын түрінде өткізіледі. Бағдарлама жабылған.

«Сөнбес сәуле» бағдарламасы өмірден өткен танымал тұлғалардың (ақын, жазушы, композиторлар) еңбектерін, қалдырған мұраларын қазіргі буынға таныстыруды мақсат тұтады.

Қазақстандық балалар шығармашылығының инфрақұрылымы қажетті деңгейде жұмыс істемейді, сондықтан да оның мұрасын суреттеу мен дамыту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі. Бағдарлама жабылған.

  • Сегіз қырлы

«Сегіз қырлы» - ішсең - шөлің қанбайтын бұлақ болған, көңілге нұр сыйлайтын шуақ болған, жігеріңді жанитын қуат болған қазақтың дәстүрлі мәдениетін қайта жаңғыртпақ. Бағдарлама жабылған.

Бірлескен (аутсорсинг)

  • Санамақ

Экономика тақырыбын жан-жақты аша түсетін «Санамақ» танымдық бағдарламасы

  • Бизнес ақпарат

Бағдарламаның мақсаты: көрерменді әлемдегі экономика және қаржы саласындағы соңғы жаңалықтармен ақпараттандыру.

  • Капитал әліппесі

Бағдарлама халыққа қаржы құралдарын дұрыс пайдалануды және сол арқылы табыс табуды үйретеді.

  • Көршілер

Ток-шоу адамдар өмірінен қаз қалпында, еш боямасыз алынған оқиғалар жөнінде баяндайды. Бағдарлама жабылған.

«Айтуға оңай...» ток-шоуы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді, өзекті оқиғаларды талқыға салады. Сондай-ақ, мерекелік күндерге де түсірілімдер арнайды. Бағдарлама қонақтары - қарапайым азаматтар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер және құзырлы мекемелердің өкілдері.

  • Жүзден жүйрік

Балаларды ойнап жүріп ойлауға үйрететін танымдық, спорттық, ойын-сауық бағдарламасы.

Жарнамалық

  • Аңдатпа

Арнадағы бағдарламалардың, топтамалардың және фильмдердің аңдатпасы.

Үздік бағдарламалары

Екі жұлдыз

Үлгі:Main

Сурет:2zhuldyz-4.jpg
"Екі жұлдыз" теле думаны - төртінші маусымының белгісі

«Екі жұлдыз» - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін шоу бағдарлама. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүреді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті.

«Екі жұлдыз» - бұл жұлдыздар жұлдыздарға ән айтуды үйрететін жоба. Жобада 16 жұп, 16 әнші және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 танымал тұлға. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушылары елімізге кеңінен танымал түрлі саланың өкілдері. Сонымен қатар бұл вокалды жарыс болғандықтан фонограмма қолданылмайды деп хабарланды. Қатысушылар тек жанды дауыспен ән айтуы тиіс. Жоба 2010 жылдың басында басталды, оссы уақытқа дейін жобаның 3 маусымы өтті. 2011 жылдың қыркүйек айының соңында 4 маусым басталды.

Екі жұлдыз (төртінші маусым)

Үлгі:Main «Екі жұлдыз» бұрынғы маусымдардан ерекше түсірілген. Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен бәсекелестерінің репертуарларындағы туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Алайда, жоба жұлдыздардың әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынатын думанды бағдарлама ғана емес, әр саны сайын бір жұппен қош айтысуға тура келетін драма. Өткен маусымдарда қазылар алқасы бір көтерген бағасын өзге жұпқа қоя алмай, қиналатын ереже бұл маусымда жүрмейді және әр жұп бағасын білгенше хабардың соңын күтіп уайымдамайды, өнер көрсеткеннен кейін бірден біледі. Ал жұптарды бағалаудағы көрермен құқығы бұрынғыдай: 50 де 50 пайыз дауысқа ие.

Қазақтың 100 әні

Үлгі:Main

Сурет:Logo100an.png
"Қазақтың 100 әні" теледуманының рәмізі

"Қазақтың 100 әні" - бұл Қазақстандағы теңдесі жоқ бірден-бір теледуман. Еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Тележоба 2011 жылдың 26 ақпанында тұсауы кесіліп, ақтық мәресі 9 шілде күні үздік әндерді шырқаумен аяқталды.

«Қазақтың жүз әні» жобасы – еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

Алғашқы кезеңде қазақстандықтар өздерінің сүйікті әндерін жіберді. Содан кейін, осы әндердің ішінен жиі орындалып жүрген жүздеген композиция іріктеліп алынды. Бұл тізімге әр уақыт кезеңін қамтитын ән үлгілері енеді: Абайдың және басқа да классиктердің халық әндеріне айналып үлгерген шығармаларынан бастап кеңестік кезең мен заманауи шлягерлерге дейін.

Міне, осыдан кейін жобаның телевизиялық бөлімі басталады. Бұл кезең бірнеше айға созылады.

«Қазақтың жүз әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасынан аптасына бір рет көрсетіліп тұрады. Жобада сұрақ-жауап сайысы да болады. Ол арқылы әндердің шығу тарихы жөнінде мағлұмат алу мүмкіндігі бар. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген ең білікті қонақ жобаның жеңімпазы атанады. Сонымен қатар, әр бағдарламадан соң, көрермендердің СМС дауыстары арқылы бес, ең танымал ән анықталады және олар қорытынды жүздікке енеді.

«Қазақтың жүз әні» телевизиялық жобасы қазақ халқының бай ән мұрасын насихаттауға бағытталған. Бағдарлама барысында халықтың көмегімен ең танымал 100 туынды іріктеліп алынады.

«Қазақтың жүз әні» жобасының қорытындысы бойынша 100 танымал ән енген CD және DVD жинақтары жарық көреді деп күтілуде.

«Қазақтың 100 әні» теледуманы әнді, қазақ әнін сүйетін әр қазақтың шаңырағына шаттық сыйлап, көптеген әндерге екінші тыныс тарту етті.

Қазақ музыкасын бір жүйеге келтіру жолындағы алғашқы әрекет өз жемісін беріп, 100 үздік ән қазақ тыңдарманына арнайы жинақ болып жол тартады. Үздік жүз әннің тізіміне теледуманның 19 жеңімпазы өз таңдауларымен қосқан 19 ән және көрермен дауыс берген 81 ән енді.

«Қазақстан дауысы»

Үлгі:Main

«Қазақстан дауысының» басты идеясы - халық арасында танылмай жүрген талантты жандардың әншілік қырын көрсету. Оларды көпшілікке танытып, өнерін жарыққа шығару. Жобаға тек үздік ән айтатын үміткерлер ғана қатыстырылады.

Бұл телевизиялық шоу алғаш рет Нидерландтың «RTL4» телеарнасында «The Voice of Holland» деген атпен жарыққа шыққан болатын. Әлемнің бірнеше еліне тарап, көпшіліктің ықыласына бөленген тележоба бүгінде қазақ ән әлеміне де келіп жетті.

Тың жобаның басты мақсаты – ел арасында жүрген асқақ дауысты, жезтаңдай әншілердің арасынан ең мықты деген дауысты таңдап алу. Жобаға 18-45 жас аралығындағы кез-келген өнерпаз қатыса алады. Іріктеу Қазақстанның бірнеше қаласында өтеді.

Аймақтық телеарналар

Үлгі:Main Қазақстанның әр облыс орталықтарында орналасқан.<ref>http://kaztrk.kz/#sectionAffiliates Аймақтық желі</ref>

Қазақстан-Өскемен (телеарна)

Үлгі:Main Студияның қалыптасу кезеңіндегі кешегі өткен өмір дәуренін бүгінде тек тарихтың алтын парақтарынан табуға болады. Қайтып келмес сол бір кездерді ой елегінен бір өткізсек. Кенді Алтайдың киелі ордасы - Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Бұл шынымен тарихқа алтын әріппен жазылар оқиға. Себебі, шығыс телеарнасы қазақ жерінде ашылған тұңғыш телевизиялық студия болған еді.<ref>http://oskementv.kz/kz Қазақстан-Өскемен</ref>

Қазақстан-Павлодар (телеарна)

Үлгі:Main Қазақ ССР Министрлер Кеңесі 1961 жылғы 28 ақпанда Павлодарда телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың көктем айында ғимараттың құрылысы басталып, мұнараны монтаждау басталды. 1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығарды.<ref>http://pavlodartv.kz/kz Қазақстан-Павлодар</ref>

Қазақстан-Тараз (телеарна)

Үлгі:Main Жиырма жылдың белесі немесе «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тарихынан. 20 ғасырдан астам тағылымды тарихы бар Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды десек артық айтқандық емес. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым болды. Сөйтіп 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна араға алты күн салып барып, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.<ref>http://taraztv.kz/kz Қазақстан-Тараз</ref>

Қазақстан-Қызылорда (телеарна)

Үлгі:Main Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.<ref>http://kyzylordatv.kz/kz Қазақстан-Қызылорда</ref>

Қазақстан-Ақтөбе (телеарна)

Үлгі:Main «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе филиалы 1960 жылы 28-қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады. 1998 жылы метрлік диапазонға шыққан. Филиал қала мен қалаға жақын елді мекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады. ҚР «Тіл туралы», «БАҚ», «Жарнама » туралы заң баптарының сақталынуына барынша назар аударылады. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығады. Таратқыш қуаты-2000 ВТ. Облыстық телерадиосигналдарын тарату орталығының 152 метрлік телемұнарасына орнатылған.<ref>http://aktobetv.kz/kz Қазақстан-Ақтөбе</ref>

Қазақстан-Орал (телеарна)

Үлгі:Main Батыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды. 1964 жылы 15 тамызда Орал телеарнасының тұсауы кесілмес бұрын облыстық телевизия және радио хабары комитеті құрылып, оның алғашқы төрағасы болып сол кезде Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген жергілікті маман Наурыз Сыдықұлы Сыдықов бекітілді. Облыстық телерадио ұжымын ширек ғасырға жуық басқарған ол басқарушылық қабілетімен телестудияның аяғынан қаз тұруына өзіндік үлес қосты. Биыл филиал басшысының бастамасы бойынша Орал қалалық мәслихатының шешімімен телестудия орналасқан көшеге Н.Сыдықовтың есімі берілді.<ref>http://oraltv.kz/kz Қазақстан-Орал</ref>

Қазақстан-Ақтау (телеарна)

Үлгі:Main 2010 жылдың 15-тамызда көрермен көзайымына айналған «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы 40 жыл толды. Телеарна қала орталығындағы 24 шағын-ауданда орналасқан. Ғимараттың 1-қабатындағы студия маңында тақырыптық бағдарламалар редакциясы, инженерлік бөлім сондай-ақ, хабарландыруларға тапсырыс қабылдау нүктесі және шаруашылық бөлім орналасқан. Ғимараттың екінші қабатында арна әкімшілігі, эфир қызметі бөлімі, жарнамалық және ақпараттық бөлім, ақпараттық редакция, бейнемұрағат, монтаж жасау кабинеттері орналасқан. Арна қызметкерлері ғаламтор желісі жалғанған компьютерлермен қамтамасыз етілген.<ref>http://mangystautv.kz/kz Қазақстан-Ақтау</ref>

Қазақстан-Атырау (телеарна)

Үлгі:Main «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау филиалының ғимараты Ж.Молдағалиев көшесі 29, Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл үшқабатты, қайта жөндеуден өткен ғимарат.

Бірінші қабатта әкімшілік пен ақпараттық және тақырыптық бағдарламалардың редакциялары орналасқан. Редакцияларда ортақ желiге қосылған жетi кеңсе компьютерлерi бар.Сервер жүйелік әкімші бөлмесінде орналасқан. Әкiмшiлiк корпустың барлық кеңсе компьютерлерi кең жолақты интернет желiсіне қосылған. Мұрағат материалдары видеокасеталарда фонотекада сақталған.

Теледидар хабарларының таратылуы: Атырау қаласында 5 арнамен 17 сағат және Атырау облысы бойынша тәулігіне 1 сағат. Бағдарламалар қамту радиусы ТВ 50 ±7 км.Таралым ТПВ 1000 РТС Атырау қалалық хабарлағыш көмегімен таратылады. Хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан. Облыстық дидардан Атырау қала РТС-на (дыбыс + видео) сигналдың берiлуi ВОЛС бойынша iске асады,Атырау облысы бойынша хабар тарату кезінде сигнал ВОЛС арқылы Алматы қ. СҚТС Кателко АҚ жеткізіледі. Радиохабардың таратылуы: 102 Fm жиілігінде «ELEKTRONIKA» радиоқабылдағышы арқылы таратылады шығыс қуаты 250 Вт, антенна көрші КМК «Атырау-ақпарат» ғимаратының төбесінде орналасқан, биіктігі 30 м. Нақты қабылдау радиусы 10-12 км.<ref>http://atyrautv.kz/kz Қазақстан-Атырау</ref>

Қазақстан-Петропавл (телеарна)

Үлгі:Main Бүгінгі «Қазақстан» РТРК АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының тарихы әріден бастау алады. 1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. Әрі техникалық және шығармашылық қызметкерлер үшін ғимарат бой көтере бастады.<ref>http://petropavltv.kz/kz Қазақстан-Петропавл</ref>

Қазақстан-Көкшетау (телеарна)

Үлгі:Main «РТРК «Казахстан» АҚ АОФ 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. Алғашқы эфир 1999 жылдың 4 қазанында шықты. Құрылған күннен бастап 2004 жылдың күзіне дейін филиал ғимарат жалдап келген. Ал, қазіргі кезде «Қазақстан «РТРК» АҚ АОФ-ның қала орталығында орналасқан екі қабатты жеке ғимараты бар.

Облыстық филиал бүгінгі күн талабына сай жұмыс жасауға ұмтылуда. Қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана отырып, ұжым шығармашылық ізденіс үстінде қызмет істеуде. Сондай ізденістер, ерінбей еңбек етудің арқасында арнамыздың көрермендерінің саны арта түсті. Ал спутниктік сандық жүйеге көшу таралым аймағымыздың кеңеюіне байланысты жауапкершілігіміз жүгін арта түсті.

Бүгінде ұжымда 78 қызметкер бар, олардың орташа жасы 24-25, бұл негізгі мақсаттарды: аймақтық деңгейдегі мемлекеттік саясаты насихаттау, шығармашылықты жаңа сатыға көтеріп аудиторияны кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Филиалды техникалық қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі.<ref>http://kokshetautv.kz/kz Қазақстан-Көкшетау</ref>

Қазақстан-Қарағанды (телеарна)

Үлгі:Main 1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты.

1961 ж. 1 Мамыр күніне арналған еңбекшілердің шеруінен ЖТС жүйесі арқылы алғаш бағдарлама жасалды.

1962 ж. «События и люди», «Жаңалықтар» атты күнделікті ақпараттық бағдарламалар өмірге енді.

1963 ж. Қарағанды телевизиясының бағдарламасы Республикалық арна бойынша алғаш рет көрсетілді.<ref>http://kartv.kz/kz Қазақстан-Қарағанды</ref>

Қазақстан-Семей (телеарна)

Үлгі:Main 1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші еді.

Ол қаланың шетіндегі өзен жағалауындағы дөңде, жоғарғы Ертіс өзені кеме басқармасы электр станциясының ескі ғимаратында жабдықталды. Қасынан жаңадан телерадио тарату орталығы салынып, биіктігі 186 метрлік телемұнара бой көтерді.<ref>http://semeytv.kz/kz Қазақстан-Семей</ref>

Қазақстан-Шымкент (телеарна)

Үлгі:Main «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы түрлі-түсті теледидар ретінде 1990 жылы кезіндегі телерадиокомитеттің құрамында құрылды. Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында 4 камералық ЖТС (жылжымалы телестанция) арқылы тікелей эфирге таратты.

Телекешенге арнайы ғимарат қарастырылмаған. Қазіргі филиал орналасқан шаңырақ 1964 жылы қалалық партия комитеті мен кеңес органдары үшін кеңес үлгісінде салынған көне ғимарат. Қайтадан телекешенге бейімдеп құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда екі студия қарастырылған. Жаңалықтар студиясы, көлемі 55 ш.м. және хабарларға бейімделген үлкен студия, көлемі 120 ш.м. Телекешен заманауи техникалармен жабдықталған. Соңғы үлкен жетістік телеарнаның еншісіне спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы теледидарлық станция берілді.<ref>http://shymkenttv.kz/kz Қазақстан-Шымкент</ref>

Қазақстан-Қостанай (телеарна)

Үлгі:Main Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізілді. Телестудияға «Кадр-103» бейнемагнитофондары, «Магнолия-83» ЖТС, АТК, «PANASONIC M-8000» телекамерасы сатып алынып, іске қосылды. Алғашқы сынақ хабарлары «Қазақстан» арнасынан аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері 30 минут қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттар еді. Ал тұрақты хабар тарату 1991 жылдан басталып, облыста телевизия дүниеге келді. Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадиннің есімін атаған жөн.<ref>http://kostanaytv.kz/kz Қазақстан-Қостанай</ref>

Логотиптері

Телеарна өз логотипін тарихында бірнеше мәрте өзгертті.

  • 1990 жылы киіз үйге ұқсас пішіндегі контурдың ішіндегі "1" саны бар логотип болды. Арнаның атауы ол кезде "Қазақстан-1" деп аталған еді, себебі "Қазақстан-2 деген арна да бар болатын. "Қазақстан-2" арнасының негізінде "Алатау" телеарнасы құрылды (1995 жылы "Алатау" арнасының негізінде эфирге "Хабар" телеарнасы шыға бастады). "Қазақстан-1" және "Қазақстан-2" телеарналарының логотиптері оң жақ жоғарғы бұрышта орналасты.
  • 2006 жылдың 3 қыркүйегіне дейін арнаның логотипінде ат үстінде отырған адам бейнеленді, астыңғы жағында Күлтегін жазуларына ұқсас жазумен "Қазақстан" деген атау жазылып тұрды.
  • 2006 жылдың 4 қыркүйегінен 2012 жылдың 23 желтоқсанына дейін ұлттық нақыштағы қошқар мүйіз оюы бар көк-сары түсті шеңберлі логотип болды. Астыңғы жағында "Қазақстан" жазуы болды.
  • 24 желтоқсан 2012 жылдан 2014 жылдың 29 маусымына дейінгі логотип алдыңғы логотипке ұқсас болды, мұнда тек шеңбер көгілдір-сары түсті реңде және ол шеңбердің сыртында сақинасы болды.
  • 2014 жылдың 30 маусымынан бастап арнаға толықтай ребрендинг жасалды, логотипі мен жалпы безендірілуі өзгерді.

Сiлтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Телерадио Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы