Қазақстан баспасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Қазақстан" - кітап баспасы.


1920 жылы Бүкілресейлік мемлекеттік баспаның Қырғыз (қазақ) бөлімшесі ретінде Орынбор қаласында құрылған. 1936 - 1941 жылдары "Қазақтың мемлекеттік саяси әдебиет баспасы" деп аталды. 1941 жылы қаңтарда республикалық баспалар қосылып, "Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасы" деп аталды. 1950 жылы каңтардан "Қазақ мемлекеттік баспасы", 1964 жылдан "Қазақстан" баспасы болды.

Баспада қоғамдық-саяси әдебиет және ғылыми-техникалық әдебиет редакциялары жұмыс істеді. "Қазақстан" экономика, мәдени-әлеуметтік, философия, саясаттану, кұқықтану, медицина салаларына арналған кітаптарды, қазақ күнтізбесін шығарды. Баспа өнімдері, негізінен, орыс, қазақ тілдерінде жарық көрген. Ұйғыр тілінде бұқаралық-саяси, неміс тілінде әдеби кітаптар басылды.

1980 - 1990 жылдары баспаның жекелеген редакциялары негізінде салалық баспалар - "Жеті жарғы", "Қаржы-Қаражат", т.б. құрылды. 1998 жылы қараша айында жекешелендіріліп, қүқықтық мұрагері ретінде "Қазақстан" баспа үйі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырылған.

"Қазақстан" баспасы "Халықтар достығы" орденімен марапатталған (1975).<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}