Ядролық физика институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ядролық Физика Институты (ЯФИ) – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1957 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан ҒА Физикалық-техникалық институтының негізінде Алматы қаласында құрылған. Институтты құруға Қазақстан ҒА-ның президенті академик Қ.И. Сәтбаев пен КСРО ҒА-ның академигі И.В. Курчатов үлкен үлес қосты. ЯФИ-да ядролық физика, қатты дене физикасы, қолданбалы ядролық физика, ВВР-К зерттеу реакторының кешені, өнімдер мен қызмет көрсету бөлімдері мен лабораториялары жұмыс істейді. Институттың бөлімшелері Астана, Ақсай (Батыс Қазақстан облысы), Курчатов (Шығыс Қазақстан облысы) қалаларында орналасқан. Институттың ғылыми-зертттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: ядролық физика саласындағы физика және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту; халық шаруaшылығының түрлі салаларында атом энергиясын қолдану бағдарламалары, жоғары білікті мамандар даярлау. Институтта Қазақстан ғылым академиясының академиктері: Л.М. Неменов, М.И. Корсунский, В.М. Кельман, Ж.Тәкібаев, Г.Д. Латышев, Ш.Ибрагимов, Ә.Жетбаев, т.б. жұмыс істеген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 10 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ядролық физика институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}