Ыбырай Жақаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Ыбырай Жақаев<ref>ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1949, 1971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.

Еңбек жолы

  • 1929-1967 жылға дейін Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты "Қызылту" (қазіргі Ы.Жақаев атындағы) колхозында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті.
  • Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) Отан қорғау қорына арнап танк колоннасын жасауға 150 мың сом қаржы берді.
  • 1944 жылы күріштің әр гектарынан 110ц, 1945 жылы 156 ц күріш алса, 1947 жылы өзіне бекітіліп берілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады.
  • 1948-1957 жылдары аралығында 20 га жердің әр гектарынан 150-170 ц тұрақты өнім алып келді.
  • Жақаев бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көң мен суперфосфат ерітіндісіне бөктіріп, бүршіктендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерзімін дұрыс анықтау сияқты агротехника шараларды өндіріске енгізді. Бұл технологиялық әдістер “Жақаев агротехникасы” деп аталды.
  • 1964 жылдың ақпанында Қазақстанның жас егіншілеріне "Жастар, сендерді ақ күрішті алқаптар күтуде" деген үндеу тастады. Бұдан кейін республикада Жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Жақаевтың мыңдаған ізбасарлары болды.

Жетістігі

  • Қызылорда облысында күріштен мол өнім алған күрішшілерге тапсырылатын "Ыбырай Жақаевтың еңбек аттестаты" белгіленген.
  • Шиелі ауданының Ы.Жақаев атындағы колхозында күрішшілердің республикалық "Жақаевшылар мектебі" жұмыс істеді.
  • 1-4-ші сайланған ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
  • КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946)
  • 1947-1955 жылдары - ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі болған.

Жүлделері

Есімі берілген жерлер

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер