Хан сайрам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хан сайлауы - Қазақ ордасында қалыптасқан ел басшысын сайлаудың жөн-жоралғысы.


Хандықтан үміткер адам бірнешеу болады. Қазіргі тілмен айтқанда хандыққа үміткер ретінде тіркелудің, яғни, санатқа енудің басты шарты - үміткердің төре түқымынан, яғни Шыңғыс хан әулетінен болуы. Ежелгі түріктің қият руынан шыққан Шыңғыс хан үрпағы Қазақ ордасында ақсүйек, айрықша текті әулет деп са- налған. Қазақ ордасының туын көтерген Керей хан мен Жәнібек ханнан тараған үрпақ уақыт өте келе өсіп-өніп, көбейіп, түтас бір руға айналған және қазақтың үш жүзіне ортақ саналған. Бүл ел бірлігі үшін аса маңызды рәсім болды. Осының нәтижесінде хан сайлауру таласынан тысқары, барлық үлыс үшін тең дағуадағы ортақ игілікке айналды. Жаңа ханды сайлау ашық түрде, жария жағдайда өткізілген. Әуелі бүкіл үлысқа сауын айтылады. Жүртшылық белгілі бір жерге, көбіне-көп Түркістанға, Әзірет-Сұлтан дүрбесінің саясына жиналады. Хан сайлау рәсімін көруге, белгілі бір мөлшерде сырттай болса да атсалысуға үлыстағы кәрі-жастың бәрінің де қақысы бар. Бақыр басты әрбір кісінің кеңесші дауысы бар. Бүлар белгілі бір үміткерді қостап, мақүлдап немесе әлдебіреуіне наразылық білдіріп, хан сайлаудың өзі қалаған бағытта өтуіне ықпал жасауға тырысқан. Яғни, Қазақ Ордасындағы халықтың, қарулы әскер- дің ой-пікірі жауапты кезеңде үлкен күшке айналған. Әйткенмен шешуші дауыс ел ағаларына тиесілі. Олар: жүрт үстаған сүлтандар, рубасы билер, әскербасы батырлар және ерлігімен не білігімен топтан озған игі-жақсылар. Қазіргі кездегі "таңдамалылар" (выборщики) үғымына сәйкес келеді. Олар ақылдаса, кеңесе келіп, бір шешімге тоқтайды. Содан кейін ғана жалпы жүрттың қолдауымен "Хан көтеру" рәсімі өткізіледі.<ref>Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. - Алматы: Қазақстан, 1995.</ref>

Хан сарқыты

"Хан сарқыты" - хан сайланған соң атқа мініп, ордаға түскен кезде эр тайпадан, эр тараптан арнайы іріктелген адамдар ханның өрістегі малын, қозылақ, қүлын-тайына дейін түк қалдырмай бөліске салу рәсімі. Оның мәні - Ханға малдың керегі жоқ. Ханел иесі, жұрт түлғасы, елде бар болса, ханда да бар, ханның халықтан бөтен тілегі болмауы тиіс дегенге саяды. Сайлауға келе алмаған жұрт тойдан дәм татады, сарқыт алады, хан малының тұқымы қалған елге құт әкеледі. Өзінің үлттық мемлекетінің басында отырған, халық қалауымен көтерілген ханға деген биік қүрмет белгісі (арада апта өтпей бүл мал он есе көбейіп, кері қайтады, алайда бұл - ханның емес, қазынаның малы). Әдебиет: Магауин М. Қазақ тарихының әліппесі. -Алматы: Қазақстан, 1995.

Хан талау

"Хан талау" - "хан сарқытына" қарама-қарсы үғым. Ел сенімін ақтамаған, дарынсыздығымен емес, қорқаулығымен жексұрын болған, ақылсыздығын ғана емес, арамдығын, аярлығын танытқан, түзелмейтін әміршінің мал-мүлкін тігерге түяқ қалдырмай бөлісіп алу. Зорлық емес, барымта емес, жамағат шешімімен жүзеге асатын жаза; дәстүрге сыйымды, заңды іс саналған. "Хан талау" салтытаққа мінген ханның ғана емес, ел билеген кез кел¬ген әкімнің адамшылықтан аттамауының кепілі болды. "Хан талау" аяқ астынан, оқыстан жасалмаған, әуелі әміршінің, бек пен төренің оғаш қылықтары, мүның алаш жұртының жөн-жоралғысымен сыйыспайтыны туралы арнайы ескертулер жасалған; осыдан кейін ғана ел ағалары болып, жалпы жүрт болып жаппай баталасып, қатал үкімді жүзеге асырған. "Хан талау" - жанға емес, малға қатысты рәсім. Жан - сауға, бірақ талауға түскен төре бар биліктен айырылады, енді қайда барса да абырой таппайды; қарауындағы халқымен санаспа- ған әміршінің оңбайтыньш әйгілеген тірі өлік кебінде жүре береді. Бүл аяусыз, бірақ әділетті жора ел ішіндегі екінші мәртебелі әміршілерге де қатысты болды. Бірақ халыққа жақпаса, ханның басына да катер үйірілген. Бұл орайда "Ханды талақ" ету рәсімі іске қосылған. Мәнісі - бүкіл елжүрт болып ханнан безу, оны ордасында отырған қалпында тастап кету. Әдебиет: Магауин М. Қазақ тарихының әліппесі. - Алматы: Қазақстан, 1995. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хан сайрам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

an:Khan ar:خان ast:Kan (títulu) az:Xan bg:Кан (титла) bn:খান ca:Khan cs:Chán cv:Хан (титул) da:Khan de:Khan el:Χαν en:Khan (title) eo:Ĥanato es:Kan et:Khaan fa:خان (لقب) fi:Kaani fr:Khan he:ח'אן (תואר) it:Khan ja:ハーン ko:칸 (칭호) la:Chanis lv:Hans mr:खान (पदवी) new:खन nl:Kan (titel) nn:Khan no:Khan pl:Chan (władca) pt:Khan simple:Khan (title) sr:Кан (титула) sv:Khan sw:Khan tr:Kağan uk:Хан (титул) vi:Hãn zh:可汗 zh-yue:可汗