Халықаралық терроризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Number of terrorist incidents 2009.png
Теракт ашықтығы 2009 жылдың қаңтарда-маусымында

Халықаралық терроризм -"мемлекет басшыларының, топ адамдардың, жалпы халықтың үрейін үшыру мақсатында адамдарға немесе жекеменшікке бағытталған бір мемлекет өкілдерінің екіншісіне қарсы акті жасау, үйымдастыру, жүзеге асыруға жәрдемдесу, қаржыландыру немесе қолдау көрсетуі немесе оған жол беру әрекеттері (Б¥¥-ның адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстар Кодексінің жобасындағы анықтамаға сәйкес). XXI ғ. басы Нью-Иорктегі, Вашингтондағы, Мәскеудегі, Мадридтегі, Лондондағы және басқа да терроризмнің барлық түрлерінің көрініс табуы лаңкестік феноменіне жаңаша көзқарасты талап етуде. Бүл оқиғалар адамзаттың жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанының белгісі, осы орайда бүкіләлемдік қауымдастықтың өркениеті күштерінің лаңкестікке қарсы бітіспес соғыс жариялауымен сипатталады. "Халықаралық терроризм" үғымы 1970-шы жылдардан кеңінен таралғанымен, 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін ғана жалпы мойындала бастады. Халықаралық террористік қүрылымдар лаңкестік актілерді ғаламдық мақсатгарға жету үшін қолданады, алайда нақтылы талаптар да қоймайды. Халықаралық лаңкестік шаралары ғаламдық БАҚ- тың көңілін аударып, соның арқасында қоғамды дүрліктіреді. Әлемдік тарихтың негізгі қайшылығы дамыған және дамушы елдердің арасындағы даму алшақтығы болып отыр. Осылайша, әлемнің екі жігінің арасындағы алшақтық дамудың негізгі тежеуішіне айналды

Халықаралық терроризм тамырлары

Қазіргі әлемде террористік күш қолданудың негізгі себептері келесідей:

  1. бірқатар ықпалды саяси топтар мен державалардың лаңкестіктің отына май қүйып, қолдап отыруы;
  2. лаңкестерді сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету және түрақты қаржыландырып отыру, сондай-ақ оларға жасырынатын сенімді орындар дайындау;
  3. лаңкестердің әрекетін күшті идеологиялық (діни-фанаттық) және саяси қамтамасыз ету;
  4. лаңкестіктің ең алдымен еуропалық және солтүстік америкалық түтыну нарығына бағытталған есірткі бизнесімен байланыстылығы;
  5. лаңкестік үйымдардың қаржылық-өнеркәсіптік топтармен және әлемнің жекелеген елдерінің арнайы қызметтерімен өзара байланыстылығы;
  6. лаңкестердің "қылмыстық ортаға" экспансиясы және оларды қаружарақ саудасы, ойын және алкоголь бизнесі сияқты табысы мол дәстүрлі орталарынан тықсыруы;
  7. кез келген лаңкестік актінің ажырамас бөлігіне айналған елді елең еткізетін, БАҚ-тың міндетті қатысуымен өтетін жариялылығы.

Қазіргі түріндегі лаңкестіктің шығу себептері де, барлық соғыстар мен қарулы қақтығыстардай бірнеше дәстүрлі негізге сүйенетіні белгілі: билік, ықпал, аумақ, шикізат көзі және түтыну нарығы үшін күрес, сондай-ақ үлттық және мәдени басымдықты, үлттық-мәдени және діни мемлекеттілікті талап ету. Кенже дамыған және дамушы елдердің басым көпшілігінде жоғары дамыған және әлемдік лидерлермен дәстүрлі жолмен соғыс жүргізуге қауқары жоқ. Алайда, олардың кейбіреулерінің осы күні салмақты экономикалық әлеуетімен қатар амбициясы да әсіп келеді, дегенмен әлемдік саясатқа ықпал ету мүмкіндігі жоқ немесе шектелген. Бірақ, соғысқа жеткіліксіз болса да, қорқытыпүркіту шараларына жарайтындай қүралдары жеткілікті болып отыр.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Халықаралық терроризм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}