Физика-техника институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Физика-техника институты, 1991 ж. Жоғарғы энергия физикасы ин-тының электрондық спектроскопия мен Ядролық физика ин-тының радиац. материалтану ғыл. бөлімдері негізінде құрылған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том</ref>, ҚР Білім және ғылым министрлігі Химия-технологиялық зерттеулер орталығының еншілес мемлекет кәсіпорны – ғылыми-зерттеу мекемесі.
1991 жылы Қазақстан ғылым академиясының Жоғары энергия физикасы институты мен Ядролық физика институтының лабораториялары негізінде құрылған.

Институт құрылымына:

  • қатты дене физикасы және материалтану
  • зерттеулердің спектроскоптық тәсілдері
  • жоғары энергия және ғарыштық сәулелер физикасы
  • ғылыми-техникалық ақпарат
  • патенттану және маркетинг бөлімдері
  • жұқа қабықтар және жұқа қабық технологияларының физикасы мен химиясының аймақаралық орталығы
  • материалдар мен органикалық қосылыстарды талдау және куәліктеу орталығы кіреді.

Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:

  • қатты дене физикасы және материалтану мәселелері;
  • ғылыми зерттеулер мен қолданбалы есептер үшін спектроскоптық тәсілдерді дамыту;
  • жұқа қабықтардың физикасы мен химиясы саласындағы зерттеулер;
  • жоғары энергия мен ғарыштық сәулелер физикасы, INTERNET және ақпараттық технологиялар.

2003–05 жылдары институт үш бағдарлама бойынша іргелі зерттеу жүргізді:

  1. қатты дене жүйелеріндегі физикалық процестерді және технологиялардың ғылыми негізін зерттеу, жаңа материалдар, қорытпалар және құралдар дайындау (ғылыми жетекші ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад. Б.Н.Мұқашев);
  2. жоғары энергия жағдайында элементар бөлшектер мен ядролар әрекеттесуінің динамикасын зерттеу (ғылыми жетекші ҚРҒА-ның акад. Э.Г.Боос);
  3. экологиялық таза энергия көздерінің ғылыми негіздерін жасау (ғылыми жетекші физика-математика ғылымының докторы М.Ф.Тамендаров).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Физика-техника институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}