Тәкей Есетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЕСЕТОВ Тәкей (1923 жылы туған,Қазалы ауданы – 2004, Қызылорда) – қайраткері. Еңбек жолын сауатсыздарға әріп үйрететін курста мұғалім болып бастаған. Соғысқа дейін халық сотының хатшысы болып істеді. Алматыдағы алты айлық авиац. курсты (1941), Ленинград қаржы-экономика институтын (1955) бітірген. 1941 – 1942 ж. майданда болып, ауыр жарақат алып елге оралды. Аудандық сотта хатшы, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет етті. 1950 аудандық қаржы бөлімінде, 1955 жылдан Арал ауданы қаржы бөлімінің бастығы. 1957 – 1985 ж. Арал ауданы партия комитетінің екінші хатшысы, Қызылорда облысы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Арал ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен марапатталған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тәкей Есетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}