Түбек Есенғұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түбек Есенғұлов (1874 жыл бұрынғы Жетісу облысы Верный уезі Үлкен Алматы болысы-қайтыс болған жылы белгісіз) - Алаш үкіметі үшін белсенді қызмет еткен тұлға.

  • 1898 жылы Верныйдағы ұлдар гимназиясын бітірген
  • Қазандағы ветеринария институтына түсіп, 1902 жылы жақсы нәтижемен бітіріп шыққан.
  • 1899 жылы институтта оқып жүрген кезінде дала өлкесін зерттеу экспедициясына қатысқан. Сол сапарында ел өмірімен жете танысады. Жетісу облысындағы қазақтан шыққан алғашқы мал дәрігерлерінің бірі.
  • 1902-1922 жылдар арасында Жаркент уездік малдәрігері қызметін атқарған. Істеген қызметі мен беделі арқасында 1916 жылы «Колледж кеңесшісі» деген атаққа ие болады.
  • 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін қазақ елінде қанат жайған Алаш қозғалысына белсене қатынасады. Алашорда үкіметінің бағытын қолдап, Алаш үкіметіне тілектес болған. Ел ішінде беделді, қызметте алғыр Түбекті өз ортасы жоғары бағалап, сенім артады.
  • 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен жалпықазақ сиезіне Жетісу облысынан делегат болып барады.
  • Есенғүлов өз ісіне жетік маман, үйымдастырушылық қабілеті мол басшы ретінде де танымал болады. 1913 жылы «Әулие Станислав» орденімен марапатталады.
  • Алашорда таратылып, кеңес үкіметі орнаған соң да көп уақыт өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. 1922-1927 жылдар арасында Алматыдағы малдәрігерлік басқармасының бастығы болады.
  • 1927-1929 жылдары Түркістан-Сібір темір жол құрылысында қызмет атқарған. Қайраткер Т.Рысқұловтың әйелі Бибі-Ғазиза осы Түбектің қызы екен. Кейінгі тағдыры белгісіз.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub