Теологиялық парадигма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теологиялық парадигма (Үлгі:Lang-el — құдай, logos — ілім) саясаттың және оның проблемаларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Биліктің пайда болуын, билік өкілеттіктерінің мәні туралы, биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы, адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелерді діни ілімнің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді. Адамға саясат әлемің саяси катынастарды түсіндіретін діни пайымдар құдай берген деп қабылданады. Осы ретте теологиялық парадигма адамдардың жердегі өмірінің жетілмегендігің оны жақсарту қажеттілігін ескереді. Бұған жетудің негізгі жолы құдай жазып қойған тағдырға сену.

Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңдерінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде өр түрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Мұнда билік табиғаттан тыс, ерекше абсолютті күш ретінде қарастырылады. Ол құдіретті күштің құралы, сондықтан адам билікке бой ұсынып, көнбістік танытуы керек. Теологиялық парадигма билік етуші субъектінің билік құру құқығын ор- нықтыруға қызмет етті. Бұл үшін билік құрушы адамдардың (көсемдер, монархтар) құдайлық тегі туралы, олардың билік құруға деген шексіз кұқығы туралы әр түрлі діни-мифологиялық конструкциялар пайдаланылады.

Теологиялық парадигма өзінің ортақ белгілерін (бірлесіп өмір сүрудің, биліктің, оның зандары мен талаптарының табиғаттан тыс негізін мойындау, осы тұрғыда билік пен оның акцияларының легитимділігін түсіндіру) сақтағанымен, әрбір әлеуметтік-мәдени ортада өзгеріске түсіп отырады және тиісті өмірлік мазмұнға ие болады. Сондықтан да, теологиялық парадигма таза абстрактілі, догматтық, мифологиялық көзбояушылық емес, ол сондай-ақ өз уақытының саяси сұрауына жауап беруге ұмтылады. Теологиялық парадигма, саяси өмірдің маңызды құбылысы ретінде билік үшін күрестен шет қалмайды, ол бұл күресті бейнелеп, идеологиялық тұрғыңа негіздейді. Көрнекті христиан философы Аврелий Августин (б.з. 354-430 жж.) адамдар қауымдастығының бір-біріне кдрама-қарсы екі түрі: "құдай қаласы" және "жер қаласы" өмір сүреді деп есептеді. "Жер қаласы" — кемеліне жетпеген адамдардың шынайы өмірі, ал "құдай қаласы" — Құдайды сүю мен іздеу, бірақ оның жерде тұрағы жоқ болғандықтан ол қаңғыбастық пен үйсіздікке душар болған. Осылай Әулие Августин адамдардың нақты өмірі мен олардың саяси проблемаларының "жер қаласында" болатындығын атап көрсетті.

Дің мен шіркеудің саяси позициялары жеткілікті түрде берік болған Ортағасырлық Еуропада шіркеу билікті занды деп тануды мойындау мәселесі туралы саяси жорамалмен қаруланды. Сондықтан да көптеген ақсүйек билеушілер үшін өздерінің билік өкілеттіктерінің шіркеу тарапынан қоадауға ие болуы мен танылуы биліктің сақталуының негізі болды. Фома Аквинскийдің (1225-1274 жж.) тиранға қарсы халықтың көтерілу құқығы туралы белгілі ережесі осылай пайда болды. Бұл ереже ортағасырлық барлық діни ересьтің өзегі болды. Теологиялық парадигма өзінің идеялық формасы жағынан схоластикалық, догматталған жүйе болса да, шынайы өмір өзінің саяси проблемаларымен осы жүйеге еніп кетті, себебі ұлы теологтарға өз уақытының өзекті саяси сұрақтарына жауап беру қажет болды.

Саяси ойлардың тарихындағы теологиялық парадигманы қарастырғанда, біз өзіміздің жерлесіміз, ортағасырдың көрнекті философы Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл Фарабидің (850-950жж.) көзқарастарынан аттап кете алмаймыз. Теология туралы еңбектерінде ол дінді философияға бағындырды, өйткені философияның ықтималдық пен софистикалық тән теологиядан ерекшелігі оны дәлелденген ойлар деп санады. ізгі кала туралы ілімінде ол жалпыланған формада, өз заманының саяси ойларының табыстарына сүйене отырып, қоғамдық істерді идеалды басқару туралы, дұрыс мемлекеттік құрылыс туралы түсініктерді берді. Теологиялық парадигма жаңартушылық, тіпті модернистік тенденциялар да жат емес саяси мәдениеттің кабатын жасады.Сондықтан да, оны есептен шығарын тастауға, болмайды. Әрине, биліктің құдайдан берілгендігі, тарихи процесті тағдырдың жазмьпііы ретінде түсіну және бәрі құдай еркімен жүзеге асуы туралы идеялардың өзінің теориялық мәнін жоғалткдндығы сөзсіз. Бірақ біз идеялардың саяси салмағын қарастырғанда, оның қарабайырлығына, теориялық жарамсыздығына сүйенбеуіміз керек.

Идеялардың саяси салмағы оның бұкара халыққа ықпал ету дәрежесімен, оларды "саяси ерлік" жасауға тарту қабілеттілігімен аныкталынады. Бұқара халық терең мазмұнды рефлексияға қабілетсіз болғандықтан идеяларды жанжақты талдамайды. Идея бұқараны еліктіріп, өзінің қандай да бір аспектісі бойынша оған ұнап, саяси белсенділікке итермелейтіндіктен материалдық күшке айналады. Мәселен, шығармашылық элитасы әлемдік мәдениетке баға жеткісіз үлес қосып, философиялық рефлексияның ұлы үлгілерін жасаған неміс халқы нәсілшілдік пен ұлтшыл- социализмнің қарадүрсін идеяларымен саяси процеске қатыстырылды. Қазіргі күнде біз ислам дүниесінде өмір сүру үлгісі ретіндегі ислам дінінің адамгершілік жағынан үстемдігі, оларға батыс христиандық өркениеттің келеңсіз аспектілері тән еместігі туралы идеяларды халық бұқарасының ұстанып отырғанын көріп отырмыз, ал бұл өз кезегінде лаңкестіктің ордасы болып табылатын діни фанатизм формасындағы қарама-қарсылықты тудыруда. Оның әлеуметтік базасы люмпендендірілген халық бұқарасы болып табылатын солшыл радикализм де саяси құбылыс ретінде теологиялық парадигманы жаңғыртып, өзектендіреді. 60-шы ж. ортасында ұлт-азаттық қозғалыстардың өсуі кезеңінде Латын Америкасының көптеген елдерінде "азат ету теологиясы"деп аталатын идеология пайда болды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл идеология АҚШ-қа тәуелділіктен құтылу, өздерінің дербес даму жолын таңдау төрізді саяси бағыт ұстанды.

Латын Америкасы елдерінде байқалған экономикадағы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты жетістіктер "азат ету теологиясы" идеологиясының пайдалы жақтарының іске асуымен түсіндіріледі. Өзінің құрылымы жағынан ол бұқараға жақын, түсінікті, оларды белсенді теріс іс-әрекеттерге итермелемейді, қоғамды кең тұрғыда реформалаудың идеологиялық базасы ретінде қызмет етті. Тоталитарлық діни секталардың пайда болуы, өздерін мессия, адамзаттың жаңа құтқарушыларымыз деп жариялайтын адамдардың көптеп пайда болуы теологиялық парадигманы ескермеуге болмайтындығын, оның өз өзектілігін жоғалтпағандығын көрсетуде.

<ref>Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}