Тендер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тендер - [gender] - жыныстың әлеуметтік және мәдени аспектілері. Қазіргі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда "жыныс" (sex) және "гендер" (gender) ұғымдарының ара-жігін ажыратып қарастырады. Дәстүрлі түрде олардың алғашқысы адамдардың биологиялық жынысын анықтау үшін, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін қолданылды. XX ғасырдың 60-шы жылдарына дейін адамдардың жыныстық айырмашылықтары олардың психикалық сипатының, темпераментінің, ерекшеліктерінің, ақыр соңында әлеуметтік рөлдері мен экономикалық дәрежесін, тіпті, азаматтық және саяси құқықтарын анықтайтын жіктеме ретінде қарастырылып келді (З.Фрейдтің пікірінше, "анатомия - тағдыр"). Бірқатар интеллектуалдық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен (адам құқы философиясының дамуы, құрылымды антропология тұрғысынан этнографиялық зерттеулердің мәліметтерін қайта қарау, феминистік теориялардың қалыптасуы) әйелдер мен ерлердің психологиялық және әлеуметтік сипатының қалыптасуына биологиялық айырмашылықтардың қатысы шамалы екендігі анықталды. Алғаш рет "гендер" ұғымын ғылыми айналымға 1968 жылы американдық психолог Роберт Столлер енгізді. Өзінің транссексуалдарды зерттеу жеке тәжірибесінің негізінде адамның психологиялық тұрғыдағы жыныстық бірегейлігін өзгертуден, оның жынысын хирургиялық жолмен өзгерту оңайырақ деген қорытындыға келген. Столлер жыныстың әлеуметтік және мәдени белгілерін атау үшін бұған дейін биологиялық жыныспен еш қатысы жоқ, тек грамматикалық мағынада қолданылып келген "gender" ұғымын қолдануды ұсынған. Ғалымдардың ішінде алғашқы болып, қоғамдағы әйел және еркек рөлдерін анықтауда едәуір ерекшеліктерді анықтаған антрополог-структуралистер жыныс және гендер ұғымдарымен жіктеу идеясын қолдады. Бүгінгі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда қалыптасқан гендердің негізгі теорияларына гендерді жіктеу белгісі әрі оны мәдени символ ретінде түсіндіру, әлеуметтік құрылымдау теориясы жатады. Гендерді әлеуметтік құрылымдау теориясы екі сипаттауды керек етпейтін жорамалдарға негізделген: 1) гендер Әлеуметтендіру, еңбек бөлінісі, гендерлік рөлдер жүйесі, отбасы, бұқара лық ақпарат құралдары арқылы құралады; 2) гендер - жеке тұлғалардың әзімен де саналық деңгейде (яғни, гендерлік бірегейлік), қоғам ұсынатын ережелер, рөлдерді қабылдау, олардың ығына жығылудан (киім киюде, сырт келбеті, мінез-құлқына) құрылады. Бүл теория гендерлік бірегейлік, гендерлік идеология, гендерлік жіктеу және гендерлік рөл ұғымдарын жиі қолданады. Гендерлік бірегейлік адамның өз мәдениетіне сай әйелдік және еркектік белгілерді қабылдауын білдіреді. Гендерлік идеология - гендерлік айырмашылықтар мен ген-дерлік жіктеуің әлеуметтік тұрғыда анықталатын идеялар жүйесі, соның ішінде "табиғи" айырмашылықтармен қатар, қайшылықты ұстанымдар да бар. Гендерлік жіктеу әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер әлеуметтік сипат алып, әлеуметтік жіктеу құралы ретінде қолданылатын процесс ретінде анықталады. Гендерлік рөл белгіленген әлеуметтік ұйғарымдарды орындау ретінде түсініледі, яғни жынысқа сай әрекет жасау. Гендер әйелдер мен ерлердің қоғамдағы, оның институттарындағы (отбасы, саяси құрылым, экономика, мәдениет, білім және т.б.) орнын анықтайтын әлеуметтік үлгі ретінде қоғаммен құрылады.Гендерлік жүйелер әртүрлі қоғамдарда әртүрлі ерекшеленеді, алайда әр қоғамда олар мынадай жолдармен сәйкестендіріледі: барлық еркектер "ерге тән" қасиеттері (мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, кәсібі, т.б.) аса маңызды, бірінші орында, басым келеді, ал, әйелдер "әйелге тән" нәрселер әлеуметтік тұрғыдан алғанда аса маңызды емес, екінші деңгейлі, бағыныңқы сипатта анықталады. Гендерді құрудың мәні полярлылық және қарама-қарсылық. Белгілі бір уақыттан бері әлеуметтік ұйғарымдар екі негізгі түрден тұратын барлық дерлік қоғамда бір биологиялық жынысқа екінші рөлді таңады. Оның қандай әлеуметтік рөл екендігі аса маңызды емес: әртүрлі қоғамдарда әркелкі болуы мүмкін, бірақ әйелдерге таңатынның барлығы да екінші дәрежелі сипат алады. Уақыт өте келе әлеуметтік ережелер өзгеруде, алайда, гендерлік теңсіздік сол күйінде қалуда. Осылайша, гендерлік жүйе жыныс теңсіздігінен құрылған әлеуметтік жүйе деп айтуға болады. Гендер - нәсілдік, ұлттық, таптық, топтық, жастық, әлеуметтік-демографиялық факторлармен қатар жүріп, әлеуметтік иерархия құрылымын жасайтын, қоғамды әлеуметтік стратификация лаудың бір әдісі болып табылады. Гендер иерархияландыратын әлеуметтік қатынастар және әйелдер мен еркектер арасындағы рөлдер стратификациялық категориясы болып табылады. Гендерлік стратификация - гендер әлеуметтік стратификацияның негізіне айналатын процесс, ал, гендерлер арасындағы айырмашылықтар - жүйелі түрде бағаланатын және бағаланған болып есептеледі. Алайда, гендерден басқа мұндай категориялар ретінде тап, нәсіл, жас қолданылады. Жыныс, тап, нәсіл және жас гендерлік жүйені анықтайтын негізгі өзгермелілер болып табылады. Гендерлік ерекшеліктерді құрудың маңызды элементтері - еркек және әйелді қарсы қою және әйел бастауларын еркекке бағынышты ету. Гендерлік көзқарас әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер емес, осы ерекшеліктерге мәдени және әлеуметтік мән беретін айырмашылықтар идеясына негізделген.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тендер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}