Сейсмология институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейсмикалық қатерді бағалаудың өзекті мәселелерін шешу және сейсмикалық қауіпті Солтүстік Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністерін болжаудың әдістемелік негіздерін жетілдіру мақсатында 1976 жылы Геология ғылымдар институты мен Математика және механика институтының бірқатар лабораториялары негізінде Сейсмология институты ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта институт құрамында сейсмологияның негізгі мәселелері бойынша іргелі зерттеулер жүргізетін 6 ғылыми лаборатория (жер сілкіністерін болжау; Жер қыртысының физикасы; Жер қыртысының серпімділік процестері; Жер қыртысының флюидтік режимдері; сейсмобиология; жер сілкіністерінен келетін зиянды болжау) және физмкалық процестер мен табиғат құбылыстарының мониторингін жүзеге асыратын сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік экспедиция жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: Қазақстанның сейсмикалығы мен сейсмикалық қауіпсіздігінің ғылыми бағыты шеңберінде сейсмикалық процестер теориясын жетілдіру мен жер сілкіністерін болжау әдістерін дамыту, республиканың сейсмикалық қауіпті аудандарының аумағында сейсмикалық белсенділікті болжайтын тиімді мониторинг жүйесін құру, жер сілкінісінің әлеуметтік-экономикалық зардаптарын болжау мен төмендетудің сандық әдістерін зерттеу. Институтта телесейсмикалық (Алматы, Бурабай, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Семей), аймақтық (25 сейсмик. ст.) және жергілікті тораптарды қамтитын аспапты бақылау жүйесі құрылған. Соңғысына геофизикалық (20 бекет), гидродинамикалық және гидрохимиялық (12 бекет) бақылау бекеттері; Жер қыртысының қазіргі заманғы қозғалысын геодезияның жер үсті және ғарыштық әдістерімен бақылау бекеттері мен қималары (90 бекет), сондай-ақ биостационарлар (5 бекет) енеді. Алматы аумағында қазіргі заманғы 15 сандық инженерлік-сейсмометриялық станциялардан тұратын торап құрылып, жұмыс жасады. Автоматты режимде мониторинг материалдарын жинап, өңдейтін, жер сілкіністерін болжаудың бағдарламалық әдістерін игеру мен бейімдеу жұмыстарын атқаратын Талдау және болжау орталығы құрылды. Келіп түсетін ақпаратты өңдеудің бүкіл технологиялық циклін қамтитын жергілікті компьютер желісі жұмыс істейді.

  1. Институт қызмет еткен жылдарда Қазақстанның сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету теориясының ғыл. негіздері жасалып, жер сілкіністерінің Қазақстанның қазіргі заманғы тау түзілістерінде шоғырлану жағдайларын зерттейтін сейсмикалық-тектоникалық бағыт қалыптасты;
  2. Қазақстан аумағының жер қыртысындағы жер сілкінісін туындатушы аймақтарының (ең қауіптілері Солт. Тянь-Шань, Жоңғар, Тарбағатай, Алтайда орналасқан) картасы құрастырылды; </il>
  3. жер сілкіністері ошақтарының қалыптасу ортасы – тектоносфераның терең құрылымын кешенді геофизикалық зерттеу бағыты дамыды;
  4. Жер қыртысы құрылымдары мен жоғарғы мантияның кернеулі-деформацияланған күйін сандық жағынан сипаттау әдістері жасалды;
  5. Тянь-Шаньның сейсмикалық-тектоникалық жағдайларына қатысты күшті жер сілкіністерінің алдындағы физ. өрістер мен әр түрлі табиғат құбылыстары параметрлерінің болжамдық, ақпараттық қасиеттері зерттелді; әр түрлі параметрлер мен сейсмикалық арасындағы корреляциялық байланыстар анықталды;
  6. күтілген жер сілкінісінің қарқынына байланысты әр түрлі ғимараттар мен инж. байланыс тораптарының зақымдану дәрежесін болжауға, сондай-ақ экон. және адамдар шығынын шамамен болжауға мүмкіндік беретін, жер сілкіністерінің зардаптарын болжауға арналған мақсатты-бағдарламалық кешен құрылды, т.б.

Институт бақылау деректерін салыстыру және жетекші мамандар алмасу түрінде Жапония, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанмен ауқымды халықаралық байланыс орнатқан.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сейсмология институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}