Сағындық Кәрімұлы Нұрәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Сағындық Кәрімұлы Нұрәлиев 1949 жылы 11 сәуірде Апматы қаласында туған.

  • С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді механик мамандығы (1971); Бүкілодақтық сыртқы сауда академиясын экономист мамандығы бойынша (1982) бітірген.
  • 1971-1979 жылдары - Қазақ гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтының (Алматы қ.) инженері, кіші ғылыми қызметкері, гидрометбюроның ақпарат қабылдау пунктінің (Өскемен қ.) аға инженері. 1982 жылдан – КСРОҒА Дүние жүзілік социалистік жүйенің экономика институтының кіші ғылыми қызметкері. 1986 жылдан - «Гранит» Алматы кәсіпорнының аға инженері, 1-санаттағы инженері. 1989-1990 жылдары - ҚазКСР Минкеңесінің Істер басқармасының сыртқы байланыстар бөлімінің аға маманы. 1991 жылдан - ҚР Президент Аппараты және Министрлер кабинетінің сыртқы байланыстар бөлімінің аға референті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1992 жылдан - ҚР СІМ Орта, Жақын Шығыс және Африка бөлімінің бірінші хатшысы. 1992 жылдан - Түркиядағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы. 1995 жылдан - Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитеттің ҚР шетелдік инвестициялар жөніндегі үлттық агенттік басқармасының бастығы. 1995 жылдан - ҚР Үкімет Аппараты, сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Үкімет Аппараты, Премьер-министрінің кеңсесінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі. 1997-1998 жылдары - ҚР СІМ ТМД- да көпжақты ынтымақтастық басқармасының бастығы-2 департамент директорының орынбасары. 1999 жылдан - Қазақстандағы «British Petroleum» (ВР) компания екілдігінің басшысы.2009 жылдан бері - «Canamens Energy» британдық мұнай компаниясы филиалының директоры. «Қазақстан Петролеум» ассоциациясы басқармасының төрағасы (2003-2008).
  • Үйленген. 2 ұлы және немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}