Саяси құндылықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси құндылықтар - әлеуметтік субъектілердің өз тәжірибесіне сүйене отырып қандай да бір құбылыстарды, үрдістер мен саяси өмір ережелерін басым мойындауы. Саяси құндылықтар саяси менталитеттің құрамдас бөлігі ретінде зерттеледі.

Саяси құндылықтарды келесі негіздерде жіктеуге болады: әлеуметтік (жұмысшылар, шаруалар, студенттер, т.б.); ұлттық және аумақтық (Алматы, Сібір түрғындары, т.б.); функционалдық (элиталық топтар, лобби, т.б.); демографиялық (әйелдер, жастар, зейнеткерлер, т.б.).

Саяси құндылықтарды шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Тоталитарлық - идеялық диктатқа, басқаша ойлауды мойындамауға негізделген; конформистік - азаматтар құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың топтық түріне идеясыздық икемделуге негізделген; бейімделген - билік институттары мен өзінің саяси мүдделеріне әлеуметтік селқоссыздықпен қарауға негізделген; белсенді - биліктің демократиялық түріне ұмтылатын және белсенді сипаттағы адамгершілік моральдық қағидаттарға және ашық жеке сенімдерге негізделген; радикалиста - қоғамдық қайта құрулардың күштеу әдістерін ғана мойындайтын, заңсыз ойлауға негізделген.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси құндылықтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}