Саяси тәрбие

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси тәрбие - тұрғындардың саяси санасы мен мінез-құлқына жүйелі және бағытталған ықпал ету үрдісі, жеке тұлғаның санасы мен өзін-өзі тану санасын, топтық саяси сана мен қоғамдық сананы қалыптастыру.

Саяси тәрбие мақсаттары, мазмұны мен оны ұйымдастыру қоғам саяси жүйесінің сипатымен анықталады және оны сақтау мен дамыту мүдделеріне қызмет жасайды. Саяси тәрбиенің негізгі міндеті жүйедегі үстемдік етуші саяси құндылықтар, саяси мінез-құлық ережелері мен нормативтік үлгілерін сақтау мен жаппай ендіру. Бұл жүйеде үстемдік етуші саяси мәдениет түрінің таралуымен байланысты.

Саяси тәрбие екі негізгі бөліктен тұрады: раңионалды, тиімді, яғни қажетті саяси ақпаратты тарату; эмоциялық, яғни саяси қатынастар жүйесін дайындау. Бірінші бөлік - қоғам мүшелерін жүйеге тиімді саяси білімдермен қамтамасыз ететін саяси ақпарат (білім) жүйесі. Мұндай жүйе қатаң (тоталитарлық вариант) немесе қатаң емес (демократиялық вариант) болуы мүмкін. Мысалы, кезінде КСРО-да саяси білім жүйесі кеңінен тараған еді.

Саяси тәрбиеде саяси білім жиынтығынан басқа саяси саладағы адамдардың тұрақты эмоциялық таңдауларын қалыптастыруға бағытталады. Бұл бөліктің рөлі мен сипаты саяси жүйемен анықталады. Саяси тәрбие білім мен сенім ортақтығын қалыптастыруға бағытталады.

Саяси тәрбие әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді.

  • Тікелей әдістерге: қажетті ақпаратпен бекітілген дәлелдеу; нәубетшіл санкциялармен бекітілген мәжбүрлеу жатады.
  • Жанама әдістерге: саяси белгілер мен салт-жораларды пайдалану; ұйымдастырылған қызықтырушылық (мектеп оқушылары болса мақтау, мақтау қағаздарын табыстау); әңгімелесу, қоғамдық-саяси аттестация сияқты арнайы бағытталған жағдайлар жүйесін қалыптастыру.

Саяси тәрбие құралдары сан алуан. Жеке тұлғалық деңгейде саяси тәрбие қоғам мүшелеріне саяси жүйемен арнайы бөлінген адамдардың (насихатшылар, комиссарлар, саяси қызметкерлер, тәрбиешілер) жеке ықпалы маңызды рөл атқарады.

Олар арнайы жағдайларды қалыптастыру арқылы сөзбен және жеке үлгімен ықпал етуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік топтар деңгейінде топ мүшелерін саяси өзара тәрбиелеудің ұжымдық жиналыстар мен басқа да топтық акциялар түріндегі жолдары қалыптасады. Үлкен әлеуметтік қауымдастықтар деңгейінде саяси тәрбие құралдары: митингілер мен шерулер. Саяси тәрбиенің барлық деңгейінде БАҚ және саяси коммуникация маңызды құралдар болып есептеледі.

Саяси тәрбие барлық құралдары мен әдістерінің тиімділік өлшемі саяси жүйеге сай жеке тұлғаның мінез-құлық тәсілі, жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі. Саяси өзін-өзі тәрбиелеу - әлем, қоғам және оның дамуы туралы әдебиеттерді адамның өзі ізденіп зерттеуі.

Саяси тәрбие саяси әлеументтендірудің жеке жағдайы. Әлеументтендірудің ұйымдасқан тәсілі ретінде саяси тәрбие жеке тұлғаны қалыптастырудың барлық сатыларында атсалысады. Саяси тәрбиенің жылдамдық деңгейі қоғамдағы идеология мен саясат салмағына тәуелді. Ол жоғары болған сайын саяси жүйе өзін-өзі сақтау мәселелеріне де көп көңіл бөледі, сол саяси тәрбие ауқымдырақ және жылдамырақ жүреді. Саяси тәрбие нәтижелеріне бақылау жасау деңгейі жүйенің демократиялық деңгейімен, оның сан алуандылығымен, саяси тәрбиенің басқа модельдеріне шыдамдылық танытуымен анықталады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси тәрбие|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}