Саяси клан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси клан - билік құрушы топтағы мемлекеттік билік үшін күресуші немесе оны қорғаушы түрақты формальды емес бірлестік, оған патриархалды отбасылық немесе жерлестік белгілер тән. Саяси клан мүшелерінің саны оннан жүзге дейін болуы, бір көсемнің маңайына топтасуы мүмкін. Саяси кланның белсенді саясат субъектісі ретінде рөлі дәстүрлі саяси мәдениеттегі елдерде жоғары. Саяси клан тек элитаға сүйеніп қоймайды, ол қоғамның орта және төменгі топтарына да негізделеді. Саяси кланның ядросын патриархалдық қатынастар этикасымен байланысты жақын туыстар тобы, руластар, жерлестер құрайды.

Түрлері

Саяси кланның екі түрі бар. Бірі - жоғары билік эшелондарында бірнеше ұрпақ бойы өз өкілдерін сақтап келген саяси клан ("үлкен"). Екіншісі - жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты ықпал үшін күресуші жаңа ұйымдардың өмір сүруі ("кіші").

Мұндай өзгерістер, біріншіден, "үлкен" саяси кланның ықпалын әлсіретеді, екіншіден, қоғамдық өнімнің жаңа бүқарасының пайда болуына мүмкіндік береді. "Үлкен" және "кіші" саяси клан арасындағы өзара әрекет бейбіт және дау-дамайлы болуы мүмкін. "Жаңа" саяси клан дау-жанжалга ұмтылады, себебі тек бәсекелестік шиеленіскен жағдайда ғана олар билікте басымдыққа қол жеткізе алады. Саяси кланның бәсекелестік күрес жүргізе алу мүмкіндігі оның көлемі мен ұйымшылдығына тікелей байланысты.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси клан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}