Саясаттану функциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1. Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің (саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.
2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады. Бірақ, саяси оқиғалар ситуативті және субъективті болғандықтан саяси шынайылықты тану — өте күрделі әрі қарама-қайшылықты процесс, Ситуативтілік саяси ақиқат үшін нақтылықтың жоғары дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайды, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайды, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтілік саяси оқиғалардың саяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуетіне, оның саяси мәдениетті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді. Ситуативті және субъективті сәттердің мазмүны өткінші, өзгермелі болғандықтан, оларды саяси ақиқатта көрсету өте қиын. Бұдан өзге, саяси оқиғалардың — өткеннің, бүгінгінің және болашақтың бір-бірімен өзара тығыз байланысып жаткан процесс екендігін ескерген абзал. Өткен уақыт жоғалып кетпейді, ол өңін өзгерткен формада бүгіннің негізі, алғышарты, шарты ретінде, ал болашақ қазіргі уақыттағы дамудың объективті ағымы ретінде қатысады.
3. Практикалық функция. Саясаттану — өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі — саяси қатынастардың кең шоғырланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат кауымдастығының тіршілік әрекеті. Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми кұрал. Ол нақты саяси процестерді, саяси катынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап жалпылайды, саяси институттарды, ұйымдарды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді.
4. Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады жөне саяси мәдениеттің кейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді. Сондықтан да оны дербес функция ретінде қарастырғанымыз жөн. Субъектілер арасындағы саяси қатынастар әр түрлі формада (антагонизмнен, әлеуметтік өшпенділіктен үндестік пен ынтымақтастыққа дейінгі аралықта) болуы мүмкін. Адамзаттың тарихи төжірибесі көрсеткендей, антагонизм мен өшпенділік (әсіресе, таптық және ұлттық қатынастардағы) өркениет тарихында көрнекті орын алды және адамзаттың саяси тәжірибесі көрсетіп отырғандай олардың адамдарға, саяси мәдениетке ықпалы өте күшті болды. Өшпенділік пен антагонизм белгілі бір әлеуметтік жүйелердің табиғатында бар болуын әлеуметтік субъектілердің мүдделерінің түйісуін және консенсусқа жету жолымен проблемалардың шешімін табуды қамтамасыз ететін саяси мәдениеттің дамуының жеткіліксіздігінен көруге болады. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды функциясы — адамдар өмірінде өшпенділіктен ынтымақтастыққа өтуді қамтамасыз ету болып табылады. <ref>Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}