Сабыржан Шүкірұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сабыржан Шүкірұлы - 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген.

Қаламгерлік еңбек жолын осы облыстың Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» - «Новая жизнь» газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Комсомол, партия қызметтерінде болған. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1991 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, ал 1991 жылдан «Сұхбат» және «Позиция» хабаршыларының Бас редакторы, 1996-2006 жылдары «Ана тілі» ұлт газетінде Тіл және этнография бөлімінің редакторы болып қызмет атқарды. Қазақстан журналистер одағының, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. «Тамаша өмір», «Шақшақ Жәнібек», «Нақпа-нақ» т.б. кітаптардың және Алаш тұлғаларына қатысты мақалалардың авторы. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай - үйі ғылыми кеңесінің мүшесі.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub