Рымбек Ільияшұлы Ільияшев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Рымбек Ільияшұлы Ільияшев (Үлгі:Lang-ru; 1910-1993) — көрнекті саяси қайраткер, патриот, тек КСРОдағы ғана емес, одан да тыс елдерге белгілі, Қазақстанға еңбек сіңірген және беделді партия және совет қызметкері. Рымбек Ільияшев 1910 жылы мамырдың бірінде, Семей облысы, Жаңа Семей ауданында кедей шаруа отбасында туған. 1937 жылдан КОКП мүшесі.

  • 1925 - 1938 жылы — Семей ет комбинатының БЛКЖ Одағы комитетінің хатшысы. Семей қалалық БЛКЖ Одағы комитетінің хатшысының орынбасары. Қазақстан ЛКЖ Одағы Үрлі төбе аудандық комитетінің хатшысы (Шығыс Қазақстан Облысы)
  • 1938 - 1940 жылдары — Семей қалалық Кеңесінің атқару комитетінің төрағасының орынбасары
  • 1940 - 1941 жылдары — Аягөз аудандық партия комитетінің I хатшысы (Семей облысы)
  • 1941 - 1946 жылдары — Қазақстан КП Семей облыстық партия комитетінің II хатшысы
  • 1946 - 1948 жылдары — Қазақстан КП ОК Сауда жөніндегі хатшысының орынбасары. Қазақстан КП Орталық комитетінің Сауда және қоғамдық тамақтандыру бөлімінің меңгерушісі
  • 1948 - 1950 жылдары — Қазақстан КП Ақтөбе облыстық партия комитетінің I хатшысы
  • 1950 - 1952 жылдары — Алматы қалалық Кеңесінің аткару комитетінің төрағасы
  • 1952 - 1955 жылдары — Алматы облыстық Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы
  • 1955 - 1957 жылдары — Қазақстан КП Алматы облыстық партия комитетінің I хатшысы
  • 1957 - 1962 жылдары — Қазақ КСР сауда министрі
  • 1962 - 1971 жылдары — Тұтынушылар қоғамдарының Қазақ Республикалық Одағының басқармасының төрағасы
  • 1971 - 1985 жылдары — "Қазкоопстроймонтаж" трестінің басқарушысының орынбасары<ref>"Алматыны Басқарғандар" - "Алматы Ақшамының" Кітапханасы 2008.</ref>

Өмірбаяны

Білім

Рымбек Ільяшев орта білімді Семей қаласында (Қазақ ересек балалар мектебінде) алды, сол жерде автомобиль жолдарын салу техникумын бітірді және комсомол жұмысына жіберілді. Рымбек Ільяшев Семей ет комбинатының партия ұйымдастырусышы етіп сайлануының негізгі себебі оның өмірдегі белсенділігі, білімі және табандылығы болды. Рымбек Ільяшев 1954 жылы КОКП Орталық Комитеті атындағы Жоғары Партия мектебін бітірді.

Қызмет жылдары

1936 жылы Рымбек Ільяшев жиырма алты жасында Үрлітөбе аудандық партия комитетіне (Железинка қаласы) басқару жұмысына жіберілді. Ал 1938 жылы - Аягөз аудандық партия комитетінің екініші хатшысы және 1940 жылы Семей облыстық партия комитетінің екініші хатшысы болып саналып, 1946 жылға дейін қызмет атқарды. 1946 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды және Қазақстан КП Орталық комитетінің сауда жөніндегі хатшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Рымбек Ільяшев 1948 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды, кейін астаналық (Алматы) қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1954 жылы Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан, КП 3-12 съездерінің, КОКП 20 - съезінің делегаты болып сайланды.

1957 жылы Қазақ ССР сауда Министрі болып тағайындалды, 1962 жылы Қазақ Тұтынушылар Одағының басқармасының төрағасы болып сайланды және бір жылдан кейін Тұтынушылардың Халықаралық бірлетігіне (альянс) мүше болды. Ол 60 жасқа толып зейнеткерлікке шыққанмен өмірінің соңғы жылдарына дейін еңбек етуден қол үзген жоқ.

1970 жылдан 1985 жылға дейін "Қазкоопстроймонтаж" республикалық құрылыс трестінің басшыларының бірі және кадрлар жөніндегі орныбасары болды. 1985 жылдан Алматы қаласының ветерандар кеңесін басқарды.

Көмек және қолдау

Соғыс жылдары Рымбек Ільяшев Семей облыстық партия комитетінің екініші хатшысы ретінде фронт үшін қажетті қамтамасыз етуді ұйымдастырумен шұғылданды, оны орындау үшін партия және жауапты қызметкер ретінде тәулігіне16-17 сағатқа дейін жұмыс атқарды. Ол кездерде Рымбек Ільяшев шешімін шығаратын негізгі мәселелер: азық-түлік бағдарламасын орындау, өнеркәсіптік және әскери өндірістерді қамтамасыз ету, құрылыс индустриясы кәсіпорындарын және Ертіс өңірі "әскери аймақтарын" құру болды. Соғыста қаза тапқан және кызыл әскердегі жауынгерлер отбасына қамқор болуға ол ерекше көңіл бөлді. Сонымен бірге ол мәдениет қызметкерлеріне (театр және кино) қолдау көрсету үшін күш салды және уақытын бөлді, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың классикалық "Абай жолы" эпопеясына материалдар жинауға бесненді ат салысты.

Сурет:Medeo 1950 RII.jpg
Рымбек Ільяшев Медеу мұз айдынын ашылу рәсімінде, 1950 жыл.

Елдің дамуына үлес

Алматы кезеңінде аталатындар: 1950 жылы "ескі Медеуді" құруға қатысу, көптеген тұрғын үйлер, дүкендер (Алматы қаласындағы ЦУМ (орталық әмбебап дүкен) қоса) құрылыстарын салу, бақ, саябақ аймақтарын дамыту, Республикалық мәдениет сарайын және көптеген спорт нысандарының құрылысын салу. Рымбек Ільяшев сауда министрі және Тұтынушылар Одағы төрағасы кезінде ондаған дүкендер, наубайханалар, сыра зауыттары және басқа сауда және тұтынушылар нысандар құрылыстарын салдырған тұлға ретінде қазақстандықтарға кеңінен белгілі.

Марапаттары

Рымбек Ільяшев екі мәрте Ленин, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту Орденімен, көптеген медалдармен (оннан артық), оның ішінде үшеуі - соғыс уақытындағы кезеңде марапатталған.

Рымбек Ільяшев өзінің алғашқы Ленин Орденімен 1940 жылы марапатталғанын атап өтуге болады. КСР Одағының бұл жоғары марапаты жиырма тоғыс жастағы аудандық партия комитетінің хатшысына шекара аудандарының және қорғаныс бекіністерінің мүмкіндігін дамыту істеріндегі ерен еңбегі үшін және даралап айтсақ Шығыс Қазақстан ауданының Қытаймен шекарасындағы жолдар мен бекіністердің құрылысын салудағы жеке үлесі үшін табыс етілді.

Сын

Қазақсатндықтар Рымбек Ільяшевтің табанды және адал азаматтық ұстанымын теміртау оқиғасы кезінде бағалады, кейіннен Үкімет те лайықты баға берді, әсірісе Тұтынушылар Одағы төрағасы болып үшінші рет 4 жылға сайлана отырып 60 жасқа толған соң зейнеткерлікке сол кезеңдегі үкіметтің саясатына келісе алмағандықтан шықты, бұл жағдай елдің түпкір-түпкірінде талқыланды. Уақыт өте келе Рымбек Ільяшевтің пікіріне қарсылыстары да өздерінің ойларының дұрыс еместігіне көздері жетті, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар да болды, кейіннен достары қатарына қосылды.

Отбасы

Жұбайы – Ильяшева Сара (1910 - 2001). Ұлдары: үлкені Ильяшев Қасым Рымбекұлы (1937-2010), Қазақстанның спорт және олимпиадалық қозғалыстарының көрнекті қайраткері, өнертапқыш-рационализатор, ортаншылары – Диас (1939-1979) және Марат (1942 жылы туған), кенжесі – Қайрат (1955 жылы туған).

Зерде

  • 2010 жыл – мемлекеттік және қоғам қайраткері Р. І. Ільяшевтің туғанына 100 жыл (1910 - 1993)
  • Қазақстан қалаларында көшелерге аты жазылған:
  1. Семей қаласында
  2. Алматы қаласының Алатау ауданының "Алғабас" мөлтек алдында

Ескертулер

  1. Қазақ жерінің құрметті адамдары
  2. 100 жыл
  3. Оның күші даналығында – Кешкі Алматы
  4. Алматы қаласының мәслихатының Алматы қаласының Алатау және Әуезов аудандарының көшелеріне атаулар беруі туралы шешімі

Сілтемелер

  • Кешкі Алматы
  • Энциклопедия
  • Коммунисттік энциклопедия
  • Кеңес Одағы және Коммунисттік партия тарихы туралы анықтама сөздік 1898-1991

Дереккөздер

<references/>