Рухани өмір және саясат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рухани өмір және саясат. Рухани өмір қоғамдық өмірдің аса үлкен салаларының бірі. Оның ерекшелігі адамзаттың жинаған рухани мәдениетінің адамның тіршілік әрекетінде қызмет етуінде. Рухани мәдениетке дүниетанымдық мәдениетті (діни жөне философиялық ілімдер), моральды, өнерді, саяси идеологияны, құкықтық мәдениетті жатқызуға болады. Рухани мәдениеттің осы элементтерінің әрқайсысы саясатпен, оның принциптерімен, құндылықтық кағидаларымен, саяси акцияларымен, шешімдерімен әр түрлі дәрежеде түйісіп саясат субъектілерінің өзіндік көзқарастарын калыптастыру, олардың жүріс-тұрысын анықтау сияқты қызметтерді атқарады. Адамдардың тәуелсіз, рухани шығармашылық қатынастағы ниет, ұмтылыстарын іске асыру маңызды әлеуметтік проблема. Саясат билік басқару шектеу мен мәжбүр ету болғандықтан саяси құндылықтар мен қағидалардың басымдығын бекіту рухани шығармашылықты жұтандатуы мүмкін. Саяси цензура — руханилықтың қас жауы. Алайда, рухани шығармашылық сферасында әлеуметсіздену элементтері пайда болуы мүмкін, ал одан қоғамның алшақ тұрғаны абзал. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-шы бабында былай деп жазылған:
1. Сөз бен шығармашылық бостандығына кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. Рухани мәдениеттің дамуында философия мен саясаттың, дін мен саясаттың, мораль мен саясаттың, өнер мен саясаттың, ғылым мен саясаттың, құқық пен саясаттың, идеология мен саясаттың үйлесімді арақатынасын айқындау аса маңызды. Бұл арақатынастарды анықтауда рухани мәдениеттің жоғарыда аталған элементтерінің пәндік ерекшеліктеріне, тұлғаның толық рухани шығармашылығын қамтамасыз ету мен қоғамды әлеуметсіздену көріністерінен арашалау кажеттіліктерін ескеру қажет. Әрине, әлеуметсіздену — қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерге, саяси режимдердің ерекшеліктеріне, қоғамдағы үстемдік етуші әлеуметтік-саяси үрдістердің дамуына байланысты әрқалай түсінілуі мүмкін. Әлеуметсіздену мемлекет конституциясы және ондағы қабылданған құқықтық нормалар арқылы анықталынады. Біздің тәуелсіз, зайырлы, демократиялық мемлекетіміздің Конституциясының 5-ші бабында былай деп жазылған:
Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілғен құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландырылуына жол берілмейді.

<ref>Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}