Раиса Сәлмағамбетқызы Күзденбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Райса Сәлмағамбетқызы Күзденбаева (3 сәуір, 1942 жылы Ақтөбеде туған) — ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (2003 жылдан). ҚР ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (2001 жылы). Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі.

Толығырақ

АқММИ-ді үздік (1965); Н.И. Пирогов атындағы Ленин орденді Мәскеу мемлекеттік медициналық институтінің аспирантурасын (1968) фармаколог-дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (1968), докторы (1982), профессор (1983). ҚР ҰҒА корреспондент- мүшесі (1994), ҚРСМА (1995), ҚР ҰҒА академигі (2003). М. Оспанов атындағы БҚММА құрметті профессоры. 4 монографияның, 300 ғылыми мақаланың, 30 оқу құралының, 20 ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен ақпараттық парақтардың авторы. Орыс-қазақ медициналық-фармакологиялық сөздігінің авторы (2006). 28 патент, алдын ала патент пен авторлық куәліктердің иегері. 11 фитопрепарат әзірлеуші.

  • 1968 жылдан - БҚММА фармакология кафедрасының доценті; 1971 жылдан - фармакология кафедрасының меңгерушісі;
  • 2005 жылдан бері - «Дәрі-дәрмек жабдықтары, медициналық міндеттегі бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК фармакологиялық орталығының директоры. БФҒҚ Басқармасының мүшесі (1974-1994), РФ фармакологтары ғылыми қоғамының құрметті мүшесі (1995 жылдан), «Эксперименттік және клиникалық фармакология» (РФ), «Орталық Азия журналы», «Қазақстан фармациясы», «Батыс Қазақстанның медициналық журналы» журналдарының редакциялық кеңес мүшесі.

Ғылыми атақтары

Мемлекеттік марапаттары

  • КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
  • КСРО Денсаулық сақтау ісінің Үздігі (құрметті атағы);
  • Қазақстанның Денсаулық сақтау ісінің Үздігі (құрметті атағы);
  • Қазақстанның «Шапағат» мемлекеттік медалі;
  • 2001 жылы ҚР ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
  • 2002 жылы Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
  • 2003 жылы «Жыл адамы» сыйлығының иегері.
  • 2005 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені»н алды.
  • 2007 жылы Ломоносов атындағы үлкен алтын медалі (РФ);
  • 2007 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасының иегері.
  • 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • ҚР тұңғыш президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хатымен марапатталған.
  • «Қазақстан денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі;
  • 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" мемлекеттік медалімен марапатталды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub