Прогресс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Прогресс - төменгіден жоғарыға, жетілмегеннен дамыған қалыпқа өтумен сипатталатын даму үрдісі. Бастапқыда прогресс идеясы жаратылыстық- ғылыми танымда қарастырылды (Ф. Бэкон, Р.Декарт). Кейінірек ол қоғамға, әлеуметтік қатынастарға да таралды (Тюрго, Кондорсе). Прогресс мәселесіне Гегель көп көңіл аударды, ол ағартушылардың рационализмін, олардың тарихты, өткенді елемеуін жоққа шығарды, сонымен қатар, ол өткенді шексіздендіретін романтизм мектебінің жалған тарихилығын қабылдамады. Тарихи прогресті әлемдік рухтың өзіндік дамуы ретінде қарастыра отырып, Гегель оны бостандық түсінігіндегі прогресс ретінде сипаттады. К. Маркс қоғамдық прогресс критерийлерін өндіріс күштерінің дамуынан көрді. Өндірістің дамуы, еңбек өнімділігінің артуы, оны ұйымдастырудың жетілуі жұмысшының тұлғалығын, білімін, мәдениетін дамытып, қоғамдық қатынастарды және жалпы қоғамды жетілдіре түседі. Прогресс идеясы шексіз қатып қалған емес, салыстырмалы сипатта болады. Дүниеге жалпы, дамудың бірбағыттылығы кереғар; өлі табиғатта көптеген процестер үдемелі емес, мерзімдік қозғалыста болады. Қоғам прогресінің мақсаты адам болып табылады. Оның өмірі, игілігі, бостандығы - қоғамдық өмірге, тарихқа және адамның өзіне жоғары мән беретін ықпалдастырушы факторлар болып табылады. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Прогресс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}