Орыстың императорлық географиялық қоғамының Семей бөлімшесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орыстың императорлық географиялық қоғамының Семей бөлімшесі - Ғылыми-зерттеу мекемесі.

Алғаш рет 1902 ж. наурыздың 31-нде орыс тілді оқырманға арналып, Семей облыстық статистикалық комитетінің негізінде Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей географиялық бөлімшесі болып ашылды. Абай Статистика комитетінің мүшесі болып сайланған Өлке тарихында ерекше орны бар Ғылыми-зерттеу мекемесіне айналған бөлімше қазіргі Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарына тарихи, этнографиялық, археологиялық және географиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақ халқы өмірінен көптеген құнды да қызықты материалдар жинады. Бөлімше қарауына 3715томнан тұратынҒылыми кітапханажәне облыстық музей берілді. Осы бөлімшенің жұмысына орыстың атақты жиһангез ғалымдары Г. Н. Потанин, П. П. Семенов-Тянь Шанский, Е. П. Михаэлис, Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейхановтар белсене атсалысты. Абайдың шәкірті Шәкерім Құдайбердіұлы қоғамның толық мүшесі болып сайланды. Бөлімше жанынан қоғам жұмысын көпшілікке насихаттайтын «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела императорского русского географического общества» деген ғылыми еңбектер жинағы шығып, 1925 жылға дейін оның 15 томы жарық керді. Осы жинақтың 1907 ж. 3- басылымында Ә. Бөкейхановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты 8 беттік азанамасы жарияланып, орыс еліне қазақтың Абайдай ұлы ақынын алғаш рет таныстырды. Жергілікті өлкетанушы, географиялық қоғамның белсенді мүшесі Б. Герасимовтың Абайдың жақын досы Михаэлистің өліміне байланысты жазылған «Евгений Петрович Михаэлис» атты азанама-мақаласы осы жинақтың 6-басылымында және «Евгений Петрович Михаэлисті еске алғанда» атты көлемді мақаласы 8-басылымында жарық көрді. Екі мақалада да Михаэлистің Абай ақындығына тигізген ықпалы кеңінен сөз болып, Ұлы ақын талантына зор баға берілді. 1914 ж. қаңтардың 26-нда Семейде жергілікті географиялық бөлімшесінің, ондағы қазақ жастарының жәрдемімен Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты әдебиет кеші ұйымдастырылып, семинария мұғалімі, қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы қалам қайраткері Нәзипа Құлжанова Әлихан Бекейханов жазған Абайдың тұңғыш ғұмырнамасын, ақын өлеңдерін оқыды. Бұл кеш туралы аса көрнекті қоғам қайраткері М. Дулатов «Қазақ» газетінде (1914, № 67) жарияланған «Абай» атты бас мақаласында тебірене жазды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}