Оппозиция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оппозиция (Үлгі:Lang-la – қарсы қою) – өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref>; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою; үстемдік ететін элитаға қарсы тұратын саяси лидерлер, партиялар, қозғалыстар.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Партия

Саяси өмірде оппозиция билік жүйесі қызметінде көрініс таппаған мүдделер мен құндылықтарды білдіруді мақсат етеді. Оппозиция халықтың наразылық белсенділігін білдіріп, оны топтастырады, биліктің әрекетіне қарсы тұратын немесе оны ретке келтіретін талаптарды тұжырымдайды. Оппозицияның кез келген тұрпатының басты сипаты оның топтасуы, ұйымдасуы мен бұқаралық деңгейі, наразылық білдірудің заңды әдістеріне қатынасы болып табылады. Үкіметтің мақсаттары мен құндылықтарына адалдығы деңгейі бойынша үкіметтік бағыттағы, бейтарап және келісімге келмейтін Оппозиция болады. Саяси күш ретіндегі Оппозицияның стратегиялық міндеті – өркениетті демократиялық әдістермен, құрылымдық баламалы бағдарламаларды әзірлеу жолымен саяси билікке жету. Мұндай Оппозиция қоғамды тұрақтандыруды мақсат етіп, әр түрлі саяси күштердің ымыраға келуін көздейді. Сонымен бірге Оппозиция қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыратын фактор ретінде алға шығуы мүмкін. Саяси қызметі экстремистік сипатта болатын Оппозиция билік үшін саяси күресте қарлысаласын жойып жіберуге дейін баратын төтенше шаралар мен зорлық әдістерін ұстанып, мемлекет пен қоғамның дамуына кері әсер етуі мүмкін.

Әдіс-тәсілдері

Оппозицияның тұрпатына сәйкес, оның саяси қызметінің әдіс-тәсілдері де қалыптасады: белгілі бір саяси топтың билік жүйесін сынауынан заңсыз жағдайда тұрған партиялар мен қозғалыстар тарапынан жасалатын саяси лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа дейін. Саяси жүйеде нәтижелі қызмет ететін құрылымдық тұрпаттағы Оппозиция ресми үкіметті бақылауда ұстап тұруға тырысады, өзінің “көлеңкелі үкіметін” құрып, қоғам өмірінің маңызды мәселелері жөнінде баламалы ұсыныстарды әзірлейді, үкіметтің жекелеген мүшелерінің, әкімшілік басшыларының өнегесіз қылықтарын жария етеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оппозиция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}