Олигополия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Олигополия (Үлгі:Lang-el – аздаған және poleo – сатамын‚ сауда жасаймын)<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> – рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. Рыноктағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі. Егер қайсыбір компания рыноктағы өзінің жайғасымын жақсартқысы келіп‚ бағада жетекшілік жасайтын болса‚ онда ол мұны пайданы азайту есебінен жүзеге асырады.Олигополияның дамуына септігін тигізетін факторлар: фирмалардың қосылуы жолымен өндіріс пен капиталды үдемелі түрде шоғырландыру және осы орайда өнімнің бір өлшеміне жұмсалған шығынды азайтудан алынған нәтиже; рынокқа билік жүргізу – рынок пен бағаны бағалау қабілетіне ие болу; баға мен өндіріс көлемін айқындау кезінде бәсекелестердің іс-әрекетін мұқият ескеру.<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9</ref>

Сипаттамасы


Олигополия бірнеше фирмалардың бәсекелестігнен құрылған нарық формасы. Олигополияның сандық сипаттамасын беру үшін “four-firm” концентрациялық қатынасы қолданылады. “Four-firm” өлшемі төрт ең ірі компанияның өнеркәсіптегі нарықтық үлесін пайыз түрінде анықтайды. Мысалы, 2008 жылдың төртінші тоқсанында Америка Құрама Штаттарының ұялы телефондар нарығының 97 пайызы Verizon, AT&T, Sprint және T-Mobile компанияларымен бақыланған. Олигополиялық бәсекелестігінен көптеген әртүрлі нәтижелер пайда болған. Кейбір кезде тауарлардың бағаларын өсіру және өндіру деңгейін монополиядағыдай шектеу үшін, фирмалар шектеу сауда түрлерін қолданады. Егер осындай келісулер ресми түрінде құпталса, ол картель деп аталады. Картельдің ең басқы мысалы – халықаралық мұнай бағаларына терең әсер еткен МЭЕҰ (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы).</br>


Жиі фирмалар тұрақсыз нарықты тұрақтандыру үшін және осындай нарық түрлеріне сай инвестициялық, өнім даму тәуекелдерін азайту үшін бір-бірімен келісімдер орнатады. Алайда елдердің көбісінде осындай келісмдерге ресми шектеулер қойылады. Бірақ осындай келісімдерге келу үшін, міндетті түрде ресми келісімге келу қажет емес. Мысалы кейбір өнеркәсіптерде бағаларды бейресми түрде анықтайтын, танылған нарық көшбасшысы болса, басқа өндірушілер қойылған бағаларға сүйеніп өз бағаларын анықтайды (бағалық көшабсшылық).</br>


Басқа кездерде фирмалар арасындағы бәсекелестік қатал болып бағалардың төмендеуіне және өндіріс деңгейінің көтерілуіне әкелуі мүмкін. Осындай бәсекелестіктің нәтижесі кемшіліксіз бәсекелестік деп аталады және ол өте әсерлі бола алады. Олигополиялық бәсекелестігінің деңгейі өндірістегі фирмаларының саны өсе келе көтеріледі. Мысалы, егер фирмалар тек облыстық деңгейде орналасып бір-бірімен тура бәсекелеспесе, бәсекелестік деңгейі төмен болады. Сондықтан олигополиялардың әл-ауқаттық анализдері нарық құрылымын анықтайтын параметрлердің құнына тәуелді. Өнімдер дифференциациялау оқуы олигополиялардың бәсекелестігің басу үшін олар көптеген дифференциацилық деңгейлерге бөлілуі мүмкін деп ұсынады.</br>


Олигополия теориясы олигополияның тәртіп үлгілерін жасау үшін ойын теориясымен жиі қолданады:</br>

  • Стакелберг дуополиясы үлгісінде фирмалар дәйекті түрде іс-әрекет жасайды.
  • Курнот дуополиясы үлгісінде фирмалар дәйекті түрде мөлшерлерді таңдайды.
  • Бертранд олигополиясында фирмалар бағаларды қатар таңдайды.

Олигополия шарттары

  • Пайданы көбейтуге арналған шарттар
  • Олигополия пайданы барынша көбейтеді
  • Бағаларды орнату қабілеті
  • Олигополялар бағаларға көнудің орнына бағаларды орнатады
  • Кіру және шығу
  • Компаниялардың олигополияға кіруіне көп кедергі жасалған. Олардың ішіндегі ең маңыздылар: үкімет лицензиялары, экономияның ауқамы, бағалы және күрделі технологияларға қол жеткізу, патенттер және бас компаниялардың қалыптасып келе жатқан компанияларды жоюға арналған стратегиялық іс-әрекеттері. Қосымша кедергілердің көзі жаңа компанияларға қарағанда тәжірибелері мол компанияларды қолдайтын үкімет болып табылады.
  • Фирмалардың саны
  • Компаниялардың саны аз болғандықтан, бір компанияның іс-әрекеттері басқа компанияладың іс-әрекеттеріне әсер етуі мүмкін.
  • Ұзақ мерзімді пайда
  • Олигополиялар ұзақ уақыт ішінде қалыпсыз пайданы сақтай алады. Нарыққа кіру үшін көп кедергіден өту қажеттігінен, басқа фирмалар артық пайданы қолдана алмайды
  • Өнімді саралау
  • Өнімдер біртекті (болат) және дифференциацияланған (автомобиль) бола алады.
  • Мінсіз білім


Мінсіз білім туралы жасалған болжамдар айрықша, бірақ турлі экономикалық факторлардың білімі әдетте селективті деп аталады. Олигополиялардың өздерінің бағалары және сұраныс функциялары туралы білімі мінсіз болғанымен фирма-ішілік ақпарат толық емес болып табылады.</br>

  • Өзара тәуелділік


Олигополияның ерекшелітерінің бірі – өзара тәуелділік. Әдетте олигополиялар бірнеше ірі компаниялардан тұрады. Фирмалардың ірілігі сонша, олардың іс-әрекеттері нарықтық шарттарға әсер етеді. Сондықтан бәсекелес компаниялар бір-бірінің нарықтық іс-әрекеттері туралы әрқашан хабардар болып тиісті жауап беруге тырысады. Нарықтық әрекет жасауға ниеттенген фирма бәсекелес фирмалардың бәрінің кертартпалықтарын және кері әрекеттерін ескеруі қажет. Бұл шахмат ойнына ұқсас: жеңіске жетіп қойған талаптарына жету үшін, ойыншы ықтимал қимылдардың және кері әрекеттердің реттілігін болжауы тиіс. Жоғарыда талқаланған идея ойын теориясының бас идеясы болып табылады. Мысалы бағаларды төмендеуге жоспралап жатқан компания бәсекелес компаниялардың да бағаларын төмендету және жойғыш баға соғысын бастау сомүмкіндігін болжағаны дұрыс болады. Әлде комания бағаларды көтеруді жоспарлап жатса бәсекелес копманиялардың бағаларын көтеру туралы жоспарларын білуі қажет. Фирмалар бағаларын нарықтық лидерінің бағаларына сәйкес қылып өзгерткенінен, осындай болжамдардың нәтижесінде тұрақты бағалар тап болады.</br>

  • Бағадан тыс бәсекелестік


Олигополиялар бағадан басқа себептерден бәсекелеседі. Бағадан тыс бәсекелестіктің мысалдарына адалдық тәсімі, өнім дифференциациясы және жарияламалар жатады.</br>

  • Бәсекелестік заңды мемлекеттердегі олигополиялар


Олигополиялар тек бірлескен пайданы көбейтіп өз пайдасын көбейте алғанда ғана «жетілген» болып саналады. Мәжбүрлі бәсекелестік заңдары бар мемлекеттерде әрекет еткендігтен олигополисттер өзара келісім орнатып пайданы көбейтуге тырысады. Бәсекелес компаниялардың бағалары көтерілсе, басқа компаниялардың да бағалары көтеріліп пайдалары өседі. Мемлекеттік органдар бәсекелестік заңдарың бұзылғанын дәлеледей алмайды.</br>

  • Модельдеу


Олигополиялық нарықты толық сипаттайтын бірде-бір модель жоқ. Көптеген фирмалар баға, мөлшер, техникалық инновациялар, маркетинг және бедел үшін бәсекелескендіктен, сипаттама модельдері өте күрделі және өзгеше болады. Бақытына орай, оңайлытылған модельдер сериясы белгілі шарттарды ескеріп, нарық жүйесін сипаттауға талпынады. Әйгілі модельдердің тізіміне үстем фирма моделі, Курно-Нэш моделі, Бертранд моделі және икемді сұранымның сынық ауытқымасы моделі кіреді.</br>

Курно-Нэш моделі

Курно-Нэш моделі олигополия модельдерінің ең қарапайымы болып табылады. Модель «екі тең позициялы» фирма бар деп бағамдайды. Фирмалар бағадан гөрі басқа мөлшер негізінде бәсекелеседі және әр фирма «басқа фирмалардың әрекеттері тұрақты деп болжамдап шешім жасайды». Нарықтық сұраныс ауытқымасы сызықты, ал маргиналдық бағалар тұрақты болып табылады. Курно-Нэш тепе-теңдігін табу үшін әр фирманың басқа фирмалардың шешімдерінің өзгерістеріне реакциясын анықтау қажет. Тепе-теңдікке жеткізетін жол әрекеттер мен реакциялардан тұрады. Жоғарыдағы жол фирмалардың ешқайсысы басқа фирмалардың реацияларын біліп, өз әрекеттерің өзгертуге қаламағанда тоқталады. Тепе-теңдік екі фирманың реакция функияларының қиылысуы болып табылады. Реакция функциясы бір фирмаға басқа фирманың шешімдері қалай әсер ететінің көрсетеді.

Бертранд моделі

Бертранд моделінің Курно-Нэш моделінен бір ғана айырмашылығы: стратегиялық белгісіз ретінде мөлшердің орнына баға қолданылады. Модельдің болжамдары:

  • Нарықта екі фирма бар
  • Олардың жасаған өнімдері біртекті
  • Олардың маргиналдық бағасы тұрақты
  • Фирмалар PA және PB бағаларын қатар таңдайды
  • Фирмалардың шығарған өнімдері бір-бірімен ауыстырмалы
  • Егер PA = PB болса, онда сату көрсеткіштері тең бөлінген
  • Нэш тепе-теңдігіне PA = PB = MC болса ғана жете аламыз.

Сұранымның сынық ауытқымасы моделі

Модель бойынша, әр фирма қазіргі бағада сынатын ауытқымаға тап болады. Модельдің болжамдарының бірі: егер фирма бағаларын қазіргі бағадан жоғары көтерсе, басқа фирмалар оған ермегеннен, ол нарық үлесінең айрылады. Екіншісі: егер фирма бағаларын қазіргі бағадан төменірек түсірсе, басқа фирмалар нарық үлестерін сақтау үшін оған ергеннен, фирманың жасаған өнімдері тек маргиналды түрде өседі.

Мысалдар

Өнеркәсіпті экономикаларда салаға кіруге тосқауылдардың нәтижесінде көптген секторларда, айтқысыз бәсекелестік деңгейлерімен, олигополиялар құрылған. Австралияда бұқаралық ақпарат құралдарының көбісінің иегерлері News Corporation, Time Warner немесе Fairfax Media копаниялары болып табылады. Азық-түлік саласының иегерлері Coles Group және Woolworths компаниялары. ANZ, Westpac, NAB және Commonwealth Bank компаниялардың меншігі – банк индустриясы. Австралияның телекоммуникациялық өнімдері көбінесе Telstra, Optus немесе NBN Co компанияларына бағынады. Басқа брендттер виртуалды ғаламтор операторлары деп аталады. Ұялы нарықтын үш бас операторы бар: Telstra, Optus және Vodafone Hutchison Australia компаниялары. Ал қалған ұялы виртуалды ғаламтор операторлары қолжетімділіктерің осы үш операторға сатады.

Тағы қараңыз


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Олигополия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}